Бірінші болып төсек қатынасын өзіңіз бастайсыз... Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.

Адам кейде өзін өзі жақсы тани алмағандығынан да қандай әрекет жасарын білмей дал болады. Біздің қозғайтын тақырыбымыз тек екі жанның тән қалауы мен төсек қатынасы болғандықтан, осы жағынан да кез келген адам өзінің бойында бұғып жатқан сырларына қанық болуы тиістігін ескеріп арнайы тест ұсынып отырмыз.

Бұл арқылы өз өміріңізде сексуалды жағдайыңыз қандай және нені түзеу керектігін анықтай аласыз. Әсіресе, «мен осы дұрыс жасап жүрмін бе?» деген сауалыңызға жауап таба аласыз.

БІР ҚАРАҒАННАН СУРЕТТЕРДЕ НЕНІ БІРІНШІ БАЙҚАДЫҢЫЗ? Тесттің ерекшелігі осында.

 

СЕКСУАЛДЫ ӨМІРІҢІЗ ҚАНШАЛЫҚТЫ «КЕРЕМЕТ»?

 

 

1. Қыз бейнесі Алдымен қыздың бет-бейнесі көзіңізге түссе, жыныстық қатынаста ашық та сезімтал жансыз. Төсекте өзіңізге не керектігін жақсы білесіз. Сондай-ақ тән қалауын тояттандыруда толықтай ләззат ала алатын адамсыз. Сіздің сексуалды өміріңізде бәрі дұрыс деуге болады.

 

2. Сарқырама ағып тұрған жартас Алдымен табиғаттың осынау бейнесін көре алсаңыз, онда жағдайыңыз онша жақсы емес. Жағдай болғанда да сексуалды өміріңізде анау айтқандай қызық жоқ секілді. Немесе, сізде көптен бері жыныстық қатынас болмаған, тіпті, басыңыз бос болуы мүмкін. Әдетте, басы бос, төсекте серіктесі көптен болмаған жандар алдымен сарқыраманы көреді.

 

СЕКСУАЛДЫ ӨМІРІҢІЗДЕ ҚЫЗЫҚ КӨП ПЕ?

 

 

1. Жалаңаш әйел бейнесі

Сіздің сексуалды өміріңіз кісі қызығарлықтай деуге болады. Бәлкім, өз қалауыңызды ештеңеге қарамай дер кезінде орындайтын адам болуыңыз да мүмкін. Бірсыдырғы, көңілсіз өмір сүру - сіз үшін емес, бұл анық. Қаласаңыз, бәрін жиып тастап, өзіңізге сексуалды кеш ұйымдастыра салудан да тайынбайсыз. Ал некелі болсаңыз, серігіңіздің бақыттан басы айналып жүргені шындық.

 

2. Гүл мен жапырақ

Романтик әрі тез ғашық болатын жан болсаңыз керек. Ғашық болғанда да алдымен адамның ақыл-ойына мән бересіз. Ал сырт келбеті екінші орында. Төсек қатынасында әртүрлі «позаларды» байқап көру – сіз үшін емес. Шектен шықпайсыз және серігіңізді де өзіңіз белгілеп қойған шекарадан асырмайсыз. Олай ете берсеңіз, тез жалықтырып алуыңыз мүмкін.

 

3. Көбелек

Тым нәзік әрі сезімтал жандардың қатарынансыз. Бірақ бойыңызда түнде тәжірибе жасап көруден тартынбайтын құпия батылдығыңыз жетерлік. Серігіңіз күндізгі Сіз бен түндегі Сізді кейде танымай қалып жататыны жасырын емес. Естен тандырарлық қылық көрсете аласыз жайма үстінде...

 

ТӨСЕКТЕ НЕНІ ҚАЛАЙСЫЗ?

 

 

1. Мысық

Көзіңізге алдымен бұйығып жатқан мысық түссе, жыныстық қатынаста еркіндік пен тәуелсіз болғаны қалайсыз. Серігіңізге бас имейсіз, кересінше, оған өз қалауыңызды орныдатқыңыз келеді. Көрпе астында бірінші болып «түртетін», «төсек майданын» ойламаған жерден бастап кететіндердің бірісіз.

 

2. Су

Бірінші болып суды көргендер – төсекте бірінші болып та, серігінің қалауын орындап та үлгеретін жандар. Бірақ жыныстық қатынасқа тек көңіліңіз қалағанда ғана түседі. Ұнамай жатса, төсектен тұрып кете салу да түк емес.

 

3. Әйел бейнесі

Бойынан махаббаты тасып жүретін жандар алдымен әйел бейнесін байқайды. Өзі қалаған адамын құшу үшін бәрін жасай алады және онысына қол жеткізеді де. Бірақ көбіне төсектен тез суынады. Әрі қарай төсек қатынасын тек міндетіп деп қана санайды.

 

Түрлі дереккөздерден жинақтаған – Жайнаған Байтұрым,

ERNUR.KZ