Райс  Сембаев

Түн қараңғылығы қас пен көздің арасындағы жердегіні болар болмас көрсеткені болмаса қап- қараңғы. Түк  көрінбейді  қараңғы.

Біздің  үй  ауыл сыртындағы шуылы құлақ  жарар  үлкен  өзен жағасына  орналасқан .Сол өзен көктем күз айлары қатты тасып ағады. Тапал тамның ішінде от басыммен қалың ұйқы құшағында жатырмын.Пысылдап мұрыны терлеп кішкентай жиенім  жанымда қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр ,кенет  тарсылдаған  дыбыс сырт жақтан естілді .Үйде жатқан мені елең еткізді. Лезде бойымды үрей алып шошып кеттім. Дыбыс қатты естілді — мына беймаза түнде кім болды екен ?Қақпаны қағып тұрған деген ой үстінде жатырмын.

Кім болды екен ?-деген ой мені мазалап барады . 

Бірақ басымды көтеріп көзімді аша алар емеспін қақпа қағуы қойып енді есік сықыры естіле бастады. Есіктің ілгегі сырт ете ашылғандай болды.

Мен ұйқы құшағында жатсамда  ойым ояу, бəрін көріп тұрғандай көріп жатырмын.

Ішімнен неде болса орнымнан тұрып əлгі адамды ұстап алу керек деген шешімге келдім.

Ал ендеше басымды көтерейін десем көтере алар емеспін.Басым өзіме бағынбайтындай хәлде.Басымды көтере алмай біраз жаттым.Көзімді  аша  алар емеспін.

Осылай өзіммен алысып жатқанда, еденді басып сықырлатып біреу үйдің ішін аралап жүргендей, əр жерден əр түрлі дыбыстар шығуда.

Айқайлап ескерту жасайын десем маңайымдағыларға дауысым қарлығып шықпайды.

Өз- өзімді оята алмай жатқанда ,бір қара шляпа киген адам көлеңкесі мен жатқан бөлмеге кіріп келіп мені тамағымнан алақанымен қылқындыра қысып көтеріп алды .

Қолынан құтылу мүмкін емес,қысқан алақан алқымымды қылқындырып барады. Ауа жетпей тынысым тарылып аяқтарыммен тыпырши бос ауаны тепкілеудемін.

Ішімнен неде болса осы үй ішіне бір ескертіп дауыс шығарсам бəрі оянар деген ой үстінде жанталасудамын.

Өзім өлсемде осы үйдегілерді оятып кетсем деген ой ғана мазалап барады.

Дауысым қырылдап шамам құрып хəлім болмай бəріне көндігіп көз алдым қарауытып келе жатқанда ,үйдің түпкі бөлмесінен бір сəулелі жарық пайда болды.Бөлме іші жарықтанып ,көз алдыма анадай жерде маған күлімсірей қарап тұрған Жанардың жүзін көрдім.

Ол үстіне аппақ əдемі көйлек киіп алыпты, маған қарап күліп жайдарлы жүзімен маған қарап мені өзіне қол бұлғап шақырып тұр.

Басын изеп ымдап бір жерді көзімен көрсетіп шақырып тұр.Іштей мен өң мен түсті ажырата  алмай «əй , Алла  ! Бір өзің құтқара көр !» деп іштей Аллаға жалбарынғаным сол еді, бəрі көз алдымда зым- зия ғайып болып көзден бір жола жоғалып кетті.

 Күздің бір түні артқа қалып,қоңыр салқын күздің ақ таңы, ағара атып қылау беріп келеді.

 Күн демалыс, азанмен таза ауада жүріп серуендеп шыққан Азамат, ешқайда бұрылмай төтесінен тура Горький саябағына таңғы ауамен жүгіріп келген болатын. 

Біраз жүріп ентігін басып таңғы жаттығуды жасап болып,бақты біраз аралап шықты . 

Кішкене жүріп  сүйікті ,өзіне ыстық болған орындығына келіп отырды. 

Сәл тыныстап жан - жағына қарап ойға батуда.Көз алдына өткен бақытты күндері, кино лентасы іспетті сырғып өтуде,есіне сол бір Жанармен танысқан ғашықтық шақтарын  елестетуде. 

Ең алғаш Алматы қаласына келіп  Қазақ ұлтық политехникалық университетіне түсіп. Оқуға қабылданып жатаханадан орын алмақ болып жүгіріп жүргенде ,өзі секілді жүгіріп жүрген әдемі сары қыз Жанармен танысып қалды. 

Ертеңінде өз кафедрасын іздеп тауып келгенде, кешегі сары қызды тағы өз кафедрасынан көріп қуанып қалды.Сөйтсе екеуі де бір курста,Туризм және спорт мамандығына тапсырып бір кафедраға қабылданған екен. 

Біраз екеуі таныс достардай әмпей- жәмпей болып жүреді .Достық оты ақырын лаулай сезімге айналып, екеуі бірін- бірі көрмесе тұра алмайтын жағдайға жеткен еді ,бірі келмей ауырып қалса екіншісі құлазып көңілсіз жүрумен өтетін. 

  Сыңғырлай күлген ашық жарқын мінезді Жанарды,

Азамат қатты сағынып,еріксіз көзінен жас тамшыларына  ерік беріп, қалай сырғи дөңгелеп кеткеніне өзі де байқамай қалды. 

Ең алғаш болып жүрегінің сырын сезімін

Азамат  Көк төбенің басында айтып білдіріп еді,онда да Жанарды сүйсе де қалай айтарын ,қалай сөзбен жеткізіп сезімді білдірерін білмеді. 

Ойлап айтамын деп келген әдемі сөздерін бетпе- бет келгенде,жүрек құрғыр айтқызбай дірілдеп бәрін ұмыттырып жіберді.Аппақ  албыраған ақ жүзі,оймақ еріні,ботадай қап- қара жанары,қиылған қара қастары,әдемі қырлы екі көзді бөліп тұрған мұрыны,алма мойыны,ұзын бұрымды қара шаштары самалды желге шашырай ұша тербеліп алдынан шыға келгенде айтар сөзін айта алмай қысылып,бетіне қан жүгіре қызара айтамын деген сөздері аяқ асты болып, 

айтар сөздерін басқалай жеткізген болатын.

 Сыңғырлай күлген ашық жарқын мінезді Жанарды 

Азамат қатты сағынып,еріксіз жанарынан жас тамшыларына ерік беріп алғанды.Көзінен жас тамшылары қалай сырғи дөңгелеп кеткенін өзіде байқамай қалды. 

Айтар сөздерін сол кездесу күні кешірек  басқалай жеткізген болатын... 

-Сәлем қалайсың?

-Сәлем !Мені көп күтіп қалдың ба?-деп күлімсірей жайдарлы көңіл күймен келген Жанар ,Азаматтың бетінен сүйіп амандасты. 

 -Иә, артыңа менен нені тығып тұрсың Аза? – деп еркелей тіл қатты.

-Жоқ, жәй былай, ештеме, -деп Азамат жасырып ұстап тұрған бір шоқ гүлін одан ары жасыра артына тыға түсті . 

- Охо!Сен біреуді күтіп тұрсың ба?Ол қандай жан мен танимын ба ,ол қызды? 

-Жо жоқ, ол сен ойлағандай емес -деп күмілжи міңгірлеп бірдеңе айтпақ болды да сәл ойланып үнсіз қалды 

- Бүгін саған не болды? Чье та мүлдем басқашасың ғой ,-деп Жанар Азаматтың алдын кестей тұра қалды, қолындағы не нәрсе екен -дегендей алдында тұрған Азаматтың артына қарап- қарап қояды.Оған Азаматта  артқа  шегіне артында ұстап тұрған бір шоқ гүлін жасыра түседі.Ақыры қоймай қолына жармасуға кірісті Жанар

Бойы биік Азаматтың артындағы не екенін көре алмаған соң,қолдарымен Азаматты қытықтап- қытықтап жіберді . 

Қытық оқыс тигеннен соң ба Азамат орнынан ыршып секіре түсіп қолдарын босата еркінсітіп жіберді. 

Осыны күткендей Жанар Азаматты құшағына  ала,Азаматтың қолындағы ұстаған гүлін қолынан алды. 

Балаша мәз болған Жанар 

-Мынаны маған алдың ба? Қандай әдемі гүлдер деп қолына алған гүл шоғын мұрына апара иіскеп -иіскеп қояды. 

-Иә саған алдым 

-Онда неге жасырып тұрсың? 

-Жәй кішкене сюрприз болсын дегенім ғой -деп Азамат Жанардың əдемі белінен икемдеп өзіне еркелете тартты,мұнысын Жанар байқасада бірақ қарсылық танытпады. 

-Жүр мына жаққа, анау орындықтарға барайық -деп Азамат алақанымен Жанардың алақандарын қысып ұстай алға ентелей тартқылай кетті. Екеуі біраз отырып қалай уақыт зымырап күн еңкейіп батып кеткенін байқамай қалыпты . 

Түнгі самалды жел ара- арасында екеудің беттерін сүйіп өткендей лебімен, жүздерін сипап өтіп өздері тұрған Көк-төбенің басыдағы ағаштарды тербете ырғалтуда .Қала өмірін төбеден қараған қандай тамаша .

Қала үйлері түнге қарай шамдарын жарыса жағып түнгі қаланы түрлі түсті сәнді шырақпен безендіргендей түр -түске бөлеуде.Түнгі көшелерде арылы берілі зулап жатқан көліктер сәл саябырлап азайған.

Мазасыз күндізгі тірлік басылып сәл болса да түнгі самалды ауа райы нағыз кешкі серуенге ұласып жатқандай ,қаланың тұс- тұсынан әрі- берілі серуендеп жүргендердің қарасы көрінеді. 

-Қарашы қандай әдемі түнгі Алматы.Қандай сұлу көрініс,қандай табиғи әдемі қала.Мен осы оқуға келгелі бірінші рет түнгі қаланы тамашалап тұрмын,-деп Жанар өзінің жанындағы досындай болған Азаматқа қарап әңгімесін ары қарай жалғастыра түсті .

-Анау тұрған біздің жатахана  емес па?- деп Жанар Азаматтың құшағына тығыла түскендей жақынырақ отырды .

-Жанар!

-Иә .

-Мен то есть сен,менннн сені ...

-Не болды ? «Мен, сен »деп күмілжіп кеттің ?

-Жоқ бірдеңе айтпақ едім ұмытып... 

Біраз үнсіздік екеудің іштей ойларын бір арнаға салғандай, біраз отырған үнсіздікті Азамат бұзды .

-Жанар мен сені сүйемін, сені ұнатып қалдым.Артық кетсем ренжіме-деп қысыла зорға айтты сөзін .

Не дерін білмей тек күлімсірей көздерімен ғана иә дегендей Азаматтың құшағына тығыла түсті....

 

«Иә маған!Мұнда маған пас жібер Санат! Ахоу мұнда мында теп, теп»- деп шуласқан жастардың дауысы Азаматтың ойын бөліп жіберді.

Қолындағы сағатына қарап Азамат орнынан тұрып бақтың сыртына шығатын тұсын бағыттай жүріп кетті.

Басқа жатаханадан орын алып көшіп алса да, Азаматың ұйқысы ұйқы болмай түн баласы алысып түс көріп ағарған ақ таңдарды ояу атыруды әдетіне айналдырып алғанды. 

Біраз салмақ тастап, тәбеті құрып, қайта- қайта аяққа оратылған тұмау атты ауру жиі- жиі шаба, көбіне төсектен бой алдырмай тастайтынды жиілетіп жіберген. 

Сол кездесуден кейін декан Асқар Амантайұлы біраз уақыт іс сапармен шетелдің біраз мемлекеттерінде болып көрінбей кеткен болатын. 

Ол іс сапардан келісімен Азаматтың хал ахуалын жанындағы әріптестерінен сұрап біліп алған. 

Бір күні кешкілік декан Азаматтың сабаққа келмей жүргенін елдерден естіп,ол Азаматты өзіне шақыртып алды да ,өзімен Азаматты бірге бір дәрігердікіне алып кетті. 

-Асқар ағай ,біз қайда барамыз?

-Қазір барғасын көресін үндемей отыра бер- деп декан шопырына айнадан қарап Васяныкіне тарт дедi.

Дәрігер үйі Асқар Амантайұлының айтуына қарағанда қаланың күн батысын жағындағы саяжайлардың бірінде тұратын көрінеді. Шопыр да көлік тізгінін күнбатысқа қарай бағыттап бұрып жүріп келеді.Көлік біраз жүріп қаланың кептелістерін артқа тастап өтіп, қарағайлы орман арасына кіріп біраз жүріп әдемі ағаштан жонып салынған екі қабатты қоңыр шатырлы үлкен үйдің алдына келіп тоқтады. 

Шопыр екі рет дыбысты сигналды басып үлгергені сол еді қақпа өздігінен автоматты ашылды да көлік ішке қарай енді. 

Үлкен үй алдында ағарған ақ шашты ірі денелі  жетпісті  алқымдаған қария қонақтарды ашық  жарқын табалдырық үстіннен төмен басып алдарынан күтіп алуға жүріп келе жатқаны алыстан көрінді. 

Көліктен түсіп жатқан бізбен иек қағып ,деканмен төс қағыстырып  амандасып болғасын бәрімізді үйіне ертіп ,үйге қарай беттедік. 

Біраз оны мұны сөз етіп екі дос әңгімелесіп шәй ішіліп болғасын декан ағай болған оқиғаны түгел баяндап айтып берді . 

Дәрігер деп келген қария атамыз кезінде ауған соғысында жараланған солдаттарға алғашқы көмек беріп сол майданда дәрігерге көмекші медбрат болып жаралыларға қол ұшын беріп,кейін Ауғаннан қайтқасын Мәскеуде,Стамбулда білім алып біраз жылдар Ресейдің үлкен ауруханаларында жұмыс істеп еңбек еткен. 

Кейін қазақ жеріне көшіп келіп ауған соғысында жараланған және Чернобыль атом электро станциясыннан зардап шеккендерге көмектесіп талай ауруларға емделіп кетуіне септігі тиген дәрігер,ал қазіргі кезде зейнет жасына келіп ,зейнетке шығып жеке шағын емхана ашып соның қамымен күн көріс деп жүргенді. 

Декан Асқар Амантайұлы Вася мен сол Ауғаннан таныс болатын. Кейін екеуі Алматыда ойда жоқта жолығысып қалып кейінірек отбасыларымен араласып жақсы жолдас болып кеткен. 

Оны мұны сұрап қолына қағаз алып дәрігер жазып жатыр, мен жауап беріп отырмын. 

Дәрігердің біраз сұрақтарына жауап беріп ұзақ әңгімеден кейін дәрігер маған қарап 

-Қазір сен нақты жауап бер, еш сырыңды жасырма бәрін айт мен сенің емделуіңе көмектесу үшін қолдан келгенін аямаймын. Тек сен менің сұрақтарыма жауап беріп отыр- деп қолындағы қаламын қойып үстелінен көтеріліп жаныма келді.

Қолына таяққа ұқсаған бір пластмассадан жасалған бір затты алып көзімнің жанарын қарады.Содан ол сол қолына тағы бір балғаға ұқсаған темір сапты басы қара пластмассадан жасалған затты алып,көзімнің алдынан оңға және солға қолымен апара маған қарап көзіме тік қарап

-Өзіңді бос ұста ұйықтайтындай ,мен қазір онға шейін санаймын сен ұйықтайсың.Мен саған сұрақ қоямын сен бәрін баяндап айтасың -деп сөзін санауға жалғады Вася атай.

- Бір, екі ,үш,төрт ,бес,алты...деп онға келгенде мен ұйқыға кіріп кеттім.

- Иә ұйқы дейтін ұйқы емес өткен күндердің бір күніне саяхаттап кеткендей сол күндердің ішіне кірдім.

Оқиға былай болатын;

Қысқы демалыс аяқталып бәріміз өз ауылдарымыздан жатаханаға келіп жаттық.

Ертеңіне оқуымызға бардық содан не керек біздің кафедра студенттері жиналып Қатон қарағай деген жерге баратынымызды жариялады .

Оғанда бәрін апармай таңдап ара арасынан біраз студенттерді тізімдепті.Ол тізімде мен бар екенмін оған қатты қуанбадым көңілім құлазып тұрғанда ,Жанардың артымнан келіп қалғанын байқамаппын.Тізімнің ішінде Жанар да бар екен, ол тізімнен мені бар ма, жоқ па деп көруге келген екен.

Ақыры біраз күндерден кейін бәріміз Қатон қарағай қайдасың ?-деп автобуспен жүріп кеттік.

Бір сөткеде уласып-шуласып әндетіп бірнеше қалаға тоқтап Қатонқарағайғада келіп жеттік.

Келгендегі мақсатымыз Қатонқарағай жерін зерттеп және сырғанап демалып қайту болатын.

Біз келіп жеткен күні ,түн болатын сондықтан бәріміз тау бауырына салынған бір әдемі үйге түстік те ештеме көре алмай ұйықтап қалдық.

Ертеңіне таң атар атпастан бәріміз ерте тұрдық жанымызда мұғалім ағай ұстаздарымызбен топ- топқа бөлініп маңайдағы қорықтың тұс тұсына бөліне кеттік.Бір қызығы қыздармен күндіз бірге ал кешке олар бізден бөлек жатаханаларға кетеді.

Алтын арайлы күн, көк мұзды таудың басын сығалай көкке көтеріліп келеді.Қаңтардың екінші жартысы демесең ауа райы мұнда нендей бір қатты сықырлаған аязды суық емес ,қайта күндегіден жылылау.Қатонқарағай қайыңды қарағайлы тау сілемдері өзіндік əдемі табиғатымен қоса бұл өлкені мол тіршілік иесімен көміп тастағандай еді, мұнда маралды,қоянды,елікті,тиінді,əр түрлі аңдарды жолықтыруға болады.

Таудың етек тұстарына мұздықтардан еріп ағатын жəне бұлақ көздеріннен қуалай ағатын арық  іспетті аққан сулардан қосыла үлкен өзендерге айналып төмен етекке қарай құлап ағуда.

Бұндай табиғи көрініс қыздың тарам- тарам бұрымы іспетті еді.

Күн жылы еді бəріміз күндегі əдетімізбен бір сап түзеп қатарда тұрмыз,ортада əр топқа жетекші болып жүрген жетекші мұғалім ағайларымыз бар жəне топтардың ортақ басшысы болып ортада бір осы жергілікті қорықтың қыр сырын табиғатын білетін бір жол серігіміз бар.Сол жол серік  біздерге күндегі тəртіпті ережелерді айта келіп тағы бір екі күнге қалуға рұқсат берді,ал одан ары қатты боранды ауа райы өзгерерін жəне кейбір аңдардың ұйығатын кезін айта кетті .

Қолдарымызға шаңғы алып бəріміз таудың жоталарына бөліне топ болып өрмелей жоғары жүріп кеттік.Кейбіреулер рюкзактарын арқалап енді біреулер фотоаппараттарын алып оны мұны түсіріп жүр.

Біздің топ таудың батыс жағын ала шықты, жандарымызға бір жол серіктерімізді қосып берді.

Біздің топта қыздар көп болғасын етек жақты жағалай жүрдік.Қолымда фото аппарат жəне асынған сөмкем бар ақырын шаңғы мен сырғанап басып келеміз.Өз тобыма Жанарды сұрап ертіп алғам, ол да аяңдап жүре алмай артымнан келеді ,шаңғыға үйрене алмай біраз əуре сарсаңға түсіп ,малмаң- малмаң болып шаршап жүре алмай келеді Жанар.Біраз жоғары көтеріліп шықтықта сəл демалып тоқтауды жөн санадық.

Бəрі табиғаттың сұлулығына тамсана суретке түсіп жатыр .Кейбіреулер сырғанап ойнап жүргенде мен шаңғыны шешіп тастап Шыршалы Қарағайлы тау жотасын бетке алып Жанарды ерте кеттім.Сондағы ойым Жанарды оңаша алып шығып құшағыма қысып мауқымды сағынышымды басу болатын.Екеуміз əңгімелесе жүре тобымыздан талай ұзап кетіппіз.Суретке түсіп сельфи жасап біраз жүріп бір қоршаулы жазуы бар сымнан тартылған бағанға тірелдік.Жазуды оқып қалған Жанар 

-Аза біз осы жерден қайтайық ,ары болмайды мына жазуды оқышы.

Оқыс артыма бұрылып Жанардың жанына беттеп келіп оқи бастадым жазуды көзімен бір шолып өтіп.

-Еее сақтық ережелері ғой ,бізде қару жоқ қой яғни бізге болады.

Бұл қару атуға болмайды деп тұр 

-Неге ?

-Өйткені қар көшкіні болатын шығар соған бола кіруге тиым салынады -деп тұрған болар,ал бізге рұқсат деді де Азамат аяғын басып алға қарай жүріп кетті.

Бағана сымдарын ақырын қолмен көтеріп ақырын өттік. 

Омбы қарға малтыға біраз жүрген соң. 

-Жанар бері мұнда жақынырақ келші,екеумізге естелік болсын суретке түсіп алайық.

-Бізді кім түсіреді ешкім жоқ қой мұнда.

-Онда былай істейік мен сені түсіріп алайын,одан кейін сен мені түсіресің.

Ал екеуміз бірге кейінірек түсеміз.

- Сен мына қарағайлардың жанына жақынырақ бар ,мен сені осы жерден суретке түсірейін. 

Ботадай көздерін бір қаға еркелей ақырын басып қарағайларға беттеуі сол екен , оң аяғына адымдаған бойында сарт ете қақпан қысып қалды .Күтпеген жерден соғылған оқыс соққы Жанарға қатты тиді. Жанар еріксіз шыңғырып жылап солқ отыра кетті .

Маммммм мама аяғым деген дауыстан Азамат біраз сасқалақтап барып Жанардың жанына тез жетіп барды .

 

Қып қызыл қан қардың бетіне шашырап əп сəтте əппақ қардың бетін қызыл түске бояуда. Жанар жылап бажылдай дауыстап тау ішін жаңғырта қақпанмен алыса тырмыса аша алмай жанталасып тырмысып отыр. 

-Қазір шыда Жанар мен көрейін ашып сен шыда мен ашып көрейін. 

Аяғына қауып шаншылған азу тісті темір қақпанды қолыммен ұстап күшімді салып екі жаққа тарта ашып зорға дегенде аяқты шығарып алдым. 

Қанды жаралы аяғын мойнымдағы шарфппен тартып байлап Жанарды ақырын жетелеп келемін. 

Күн еңкейіп батуға аз қалыпты қызыл табақ күн таудың жотасын жалай жартылай құлап барады. 

-Азамат аяғым ауырып барады, бастырмайды, сəл тынығып алайықшы. Жүре алмай келемін.

-Қазір кішкене жүрейік шыда, шыда деп Азамат неде болса Жанарды жетелеп тез жеткізуді ойлап келеді. 

- Азамат анау қарайғанды қарашы бері келеді .

-Қайсы қай жерде ?

-Әне ана жақта қарайып келеді үш төртеу- деп Жанар таудың қарағайлы шығыс жағын қолымен нұсқап көрсетті. 

-Қасқыр, қасқыр Азамат анау ит сияқты қасқыр ғой- деймін.

-Иə қасқыр сияқты,тез бас аяғыңды Жанар! Анау ағашқа қарай .Мен ағаш сындырып алайын, сен ақырындап жүре бер. 

Бір бұтақты Азамат сындырып алып Жанардың жанына беттеп жеткені сол еді арт жақтан көкжал бөрі басын төмен түсіре ырылдай жандарына жетіпті,көкжал мен Азаматтың арасы 5,6 алты метр. 

Қабағын түнерте ырылдап көкжал алға ұмтыла ақырын басып жүріп келеді. 

Қолындағы таяқты Азамат ары сермеп бері сермеп арланға қарай бір екі адым аттап беттегенде, арлан кері қашқандай болады да қалай Азамат қолымен таяқты сермегенді тоқтатса солай олда алға қарай ырылдай шапши алға жүреді. 

-Азамат ана жаққа қара тағы үшеуі бері келе жатыр ,не істейміз? 

Өлген жеріміз осы ма еее Алла деп Жанар жылап жіберді.

Аяғы ауырсада Жанар алға қарай жүріп барып айғай салды. 

-Сендерге мен керекпін ба ал жеңдер, мені жеңдер мені ,міне алдарыңдамын ,-деп аяғындағы шарфты аша бастады.Ашулана айғайлай қасқырларға адымдай баса өксік аралас мұңын тарқатып жылауда..Қасқырлар оқыс айғайға артқа жамырай шегіне қарап қайта бастарын түсіре алға қарай келеді. 

-Мен мыналарды алдап тұрайын сен Жанар ағашқа өрмелеп шық тез жарайма. 

Қолындағы таяғымен Азамат ары сермеп бері сермеп айғайлап қасқырларға қарай шабуылдап ,айбат көрсетіп қолдарын сермеуде . 

Аяғы бастырмай ауырып тұрған Жанар ағашқа əрең тартылып аяғын енді бір ағаштың бұтағына басып көтерілген еді,бұтақ əлсіз майысып сынып Жанар ағаштан домалап жерге құлады. 

Манадан Азаматты қоршап бата алмай тұрған бір ши бөрі Жанарға қарай атылды. Домалап құлаған Жанардың жанына ши бөрі атыла жетіп, сан етіне ауызын салып тартқылап тарта кетті . 

Не артқа жүгіре алмай үш қасқырдың ортасында қамауда қалған Азамат, қақпақылдап қолын ары сермеп бері сермеп бұлғақтата Жанар жаққа қарай бұрылып жүре бергені сол еді, арт жағынан бір бөрі аяғынан қаба жабыса кетті. 

Қолындағы таяқпен бөріні бір соқты, басына тиген соққыдан қаңқ ете бөрі кері домалап қала берді. Бөріні соғамын деп қолындағы таяғы ұшып кетті, енді не істерін білмей керін шегіне ағашқа өрмелей тартылып шығып кетті. 

Қыздың жан айхай дауысы құлақты жарып жіберердей жылауда . 

Ырылдап ауызын тамақтан алған бөрі ары қомағайлана жұлқып бері жұлқып қардың беті қою қара қанға лайлап бояп жіберді.

Алқымынан алған қасқырдың азуы Жанардың жан дəрменінің соңғы демі мен дауысы үзіле шығып Азаматтың көз алдында сөніп барып үзілді. 

Жан дәрмені мен тек айғайлап қана көмектеспек болған Азамат айғайлап жылапта жіберді,көз алдында Жанардың қасқырға талануын көре тұра көмек бере алмай дәрменсіз екеніне айғай салып нали жылап жіберді. 

Бағанағы ши бөрінің жанына көкжал арлан келгені сол еді,ши бөрі бір жағына ысырыла шетіннен қармап ауыз салып жатыр еді, арлан арс ете бір ұмтылып қауып алды. 

Ши бөрі басын көтеріп қанқ ете шетке ысырыла қалып қойды ,арлан өзі ауызын жатқан қызылға бір салып тартқылай бастады.Арланның жанына сілекейі шұбыра топтан бөлініп бір ұяласы ауызын қызылға сала берген еді оныда арс ете қауып қуып жіберді. 

 

Айғайлап дауыстап жібергенге не болды деп қонақ бөлмеде отырған Асқар Амантайұлы ақырындап келіп Вася дәрігердің емдейтін бөлмесіне есікті жаймен ашып ішке енді.Бəрін бақылап көріп отырған дəрігер,есіктен кірген Асқар Амантайұлын көріп ым мен есіктен кірген жердегі орындықты нұсқады.

- Азамат сабыр сабыр деп қазақшалап басу айтты да ары қарай сұрағын қайта қоя бастады.

 -Иә содан Азамат не болды?-деп дәрігер Азаматтың қолын сыртыннан қысып қойды. 

Осының бəрін көзімен көрген Асқар Амантайұлы іштей не болды деп келген ойына жауап тапқандай тыныш қана тыңдап қарап отыра берді...

 Содан ағаштан бірер сағат өткенде ,бізді Жанар екеумізді іздеп келушілер бірақ түсіріп алыпты.

Мен сіресіп шок болып қорқып қалыппын,мені қалай түсіріп алғанын да білмеймін.Кейін есімді ауруханада жинадым.Есімді жинағасын группаластарымның айтуына қарағанда бізді іздеп табуына Жанардың айқайлаған дауысының себі тиіпті.

Сол оқиғадан кейін мен оқуды тастап ауылыма кетіп қалдым.

Мен үшін өмірдің мəні болмады, өмірімнің сəні, мəні, жаны болған Жанарымның өмірден кетуі жалғыз жарығым сөніп қалғанындай болды.

Мен талай уақыт өз өзіме келе алмадым .Жаным құлазып Жанардың жоқ екеніне сене алмай бой үйрете алмай жүрдім.

Дәрігердің қарауында Азамат біраз күндер ем алып жатты. Біраз уақыт ішінде жағдайы оңалып күннен-күнге жақсарып, бұрынғыдай ұйқысы орнына қайтып,тәбеті ашылып бәрі түзелгенді. 

Лезде арада бірнеше айлар сырғып өтіп, жаздың жайма шуақты тағы бір күні болатын. 

Соқпақ  жолдың шаңын бұрқырата жеңіл көлік түстіктегі  Қызылбел аталатын қырдың етегін кесіп өтіп, Майкүбі ауылына келіп кірді.Көлік бір екі көшені артқа тастап ауылдың шығыс жағына бұрылып барып бір көшесіне бұрылды бірер үйді өтіп көк сырлы қоршаумен қоршалған темір шатырлы үйге тоқтады. 

Көлік тоқтап Азамат түсіп, таксист шопыр қайта кері келген жолымен қайтып кетті. 

Жазғы демалысын Азамат биыл ауылында өткізуге келген болатын ,үйі жабық ата анасына айтпай келгеніне өзі іштей өкініп қалғандай бір түрлі көңіл күйге түсті.Әке- шешесі қайда кетті екен?- деп ойланып тұр еді қақпа жақтан әкесінің анасымен бұрқылдай сөйлеп келе жатқан дауысын құлағы шалды. Арада бірер минут өтпей қақпадан еңсегей бойлы әкесінің жүзі көрінді артынан кемсеңдей басып анасы көрінді. 

- Біреу келген ау шамасы көлік ізі біздің үйдің алдына келіпті 

-Ееее кім келер дейсің ,баяғы ана көрші шығар ары бері көлігін итеріп жүрген -деп анасы әкесінің сөзіне жауап қайырып өтті. 

-Еее ол көлігін сатып жіберіп еді ғой -деп әкесі сөзді жалғап келе жатыр еді анасы 

-Құлыншағым келген екен ғой, айналайын Азаматым қалың қалай ?-деп анасы кемсеңдей басып Азаматты құшағына алып, қысып еркелете амандасып жатты. 

Сол күні көрші қолаң келіп амандасып,достары сыныптастары келіп амандасып хал сұрасып жатты. Қазанға ет салынып кішігірім үстел жасалып ауыл мәре- сәре болып жатты, ет желініп ел аяғы тарқап кеткен соң. 

Әкесі Азаматқа арнап монша жағып, екеуі моншаға түсті,әкемен бала біраз әңгімелесіп әмпей- жәмпей болып сыр тарқасты.Әкесі қатты ыстыққа шыдамай шығып кетті,ал Азамат ыстық  парды аңсап еді, ұзақ отырғысы келді. 

-Әй шал -ау барып көріп келсеші ұлыңды неге ұзақ отырып алды шықпай .

- Ой сенде адамға тыныштық бермейсің ғой,әй!Ұлың кішкентай емес қой,қайта -қайта бара берсем ол бала моншадада тыныштық бермейсіңдер- деп ренжиді ғой деп бұрқылдай басып шал есіктен шығып кетті. 

Біраз уақыт өткенде сырттан шалының даусын естіп далаға атып шыққан Азаматтың шешесі өз көзіне өзі сенбей сасып қалды. 

-Әй неге тұрсың? Шақырсашы әлгі скөрәйді .

Сасып қалған ана орнында қатып қалды да тез бойын жинай үйге қарай қайта кіріп кетті. 

 

Жедел жәрдем ауылдың шаңын бұрқырата ауылдан ұзап кетіп барады. 

Көлік ішінде өлім алдын алу үшін медбикемен дәрігер барын салып жатыр 

Медбике уколды дайындап дәрігерге ұстатты да жүректің соғуын қозғайтын токпен соғатын бір аппаратты дайындауға кірісті. 

-Жүрек соғысы баяулап барады аппарат дайын ба?- деп дәрігер медбикеге пәрмен беруде. 

Қатты ыстық парда Азамат біраз отырып енді шығамын деп орнынан тұрмақ еді жүрегі шаншып ауа жетпей отырған орнынан домалап түсті .Жүрегіне  істік  темір шаншылып  кіріп кеткендей қатты ауырып орнынан қозғалуға шама келмей жата берді. 

Оны әкесі көріп тез есікті ашып далаға Азаматты сүйретіп алып шыққан еді. 

Енді міне дәрігерлердің алысуы мен ес түссіз көлік ішінде келеді ,ажал мен өмір арасындағы жолды осы ақ халатты абзал жандар шешетіндей жандарын сала аман алып қалуға тырысуда. 

 

Қою ақ тұман, алда қандай жол түк көрінбейді,салқын ауа, батыс жақтан соққан жел денені жауратып барады.Жүрген бағыт белгісіз, аяқ басқан сайын суық жел денені жауратып барады,алға жүрген сайын тұман сейіліп, айнала көріне бастады.Жалғыз аяқ жол, жан-жағым биік биік тау. Мен сол тауларға қосылмаған жалғыз аяқты жолмен келемін.Жолдан шығып кетсең терең терең құздан құлағандай құлайсың.Құздың тұңғиығы  жоқ терең, бірақ  көзге алыстан болса да алаулаған от жалын көрінеді. 

Тұман сейілді мен біраз жүріп құздарды артқа тастап өтіп жайқалған жазықты бауға келіп кірдім. 

Түрлі түсті гүлдер жүздеген көбелек аралар сол гүлдерден гүлдерге қонып ұшуда,жасыл алмалы бақ алыстан көрінді. Сол бақта қолына себет ұстап көзіме таныс бейне көрінді ,таныдым дауыстап айғай сала алмадым ,дауысым шықпай сөйлей алмадым. 

Ақ орамалды,ақ әдемі көйлекті киіп алма жинап жүрген Жанар, мені көріп өзіне қарай қол бұлғап шақырды. 

Разрядь ище деп дәрігер жанталасып қолындағы  токты құралды қоя салып,өзі Азаматтың жүрегіне екі қолын қойып уқалап -уқалап басып басып,осылай жанталасып жанын алып қалуға қарекет етуде. 

Баққа жақындағанда Азаматтың тынысы ашылды бір рет терең тыныс алды одан ары бәрі жеңілдеді. 

Көз алдында тұрған алыстағы Жанары, жанына келгендей жақындай түсті. 

Екі ғашық сыңғырлай күліп бақты бетке алып ақырын аяңмен көзден ғайып болды. 

Маңдайдағы терін сүртіп әліде болса аман алып қаламын деп жанталасып дәрігер Азаматтың жүрегін уқалауда. 

Көлік ішіндегі Азаматтың жоғарғы жағындағы тұрған манитордан ирелеңдеген сызықтар үзіліп барып үзік -үзік сызықтарға айналып кетті. 

Болды иманды болсын қолдан аман алып қала алмадық деп дәрігер сылқ түсе орындыққа отыра кетті.... 

Соңы...