Райс  Сембаев
(Әңгіме)
 
Түн қараңғылығы сейіліп ағара ата, таң қылау беріп келеді. Күздің салқын ауа райы, қала халқына кедергі келтірмегендей .
 
Таң ағара атар атпастан көше автобустары, таңғы сәлеммен қаланың әр жерінен қылтия шығып өз бағыттары мен жүйткіп бара жатқаны. 
Біреулер базарға,біреулер ауруханаға енді біреулері жұмысқа ал жастар жағы оқуға бара жатқаны .Бәрі асығыс бірі шығып, бірі кіріп жатқаны автобустарға.
Өмірдің өзі санаулы сағаттардан тұрғандықтан ба əйтеуір өміріміздің өрнегін асыға жүгіру мен өрнектеп​ жүргеніміз.Үнемі асығып басып жүгіріп жүргеніміз.
Үйге асығып келеміз жұмыс ,оқу сабаққа, кездесулерге, жұмыстан тезірек қайтуға асығып барамыз да жүреміз. 
Сондай асыққандардың ,кешігіп қалғандардың қатарында бүгін Азаматта бар еді, 
 "Келесі аялдама университет" деп автоматты жауапты естіген соң
орныннан тұрып есікке беттеді. 
 
Аялдамадан түсіп қалып, университетке беттеп кешіге кірді. 
 
Осы жолы тағы кешігіп келді, аудиторияға кірді,үлкен аудиторияның ортасында тақта алдында көзілдірікті,жалтыр басты, елулерден асқан ақ құба өңді,ер адам бірдеңелерді жазып жатыр. 
Аудиторияға кешігіп келген Азаматқа, бір бұрылып қарап ыммен аудиторияны нұсқап отыр деген белгі білдірді. 
Азамат ақырын басып өз орнына барып жайғастыда қаламсап пен дәптер алып, тыныш сабақ тыңдауға кірісті . 
 
Күнде кешігіп келетін мына студенттің қылығына түсінбей басында осы студентті бірнеше рет аудиториядан да шығарып жіберген болатын,бірақ кейін онысынан түк шықпаған соң оған тек көз жұма қарағандай жүре бергенді.
 
Бірақта​ іштей осы студенттің неліктен кешігіп келетіні және оны мен қоймай аудиторияда сабақ үстінде ұйықтайтыны ойландырып жүретін. 
Неде болса осымен бір сөйлесу керек деп ой үстінде тұрған декан Асқар Амантайұлы. 
 
-Ал аудитория бері қараңдар! Сендерге келесі сабаққа тапсырма деп ғалым Асқар Амантайұлы 
Студенттерге қарап көзілдірігін алып сүртіп, қайта киіп бәріне бір қарап көз жүгіртіп өтті де 
-Бүгінгі сабақтағы лексиядағы бас кейіпкер болған Тұрар Рысқұлов ағамыздың өмірі жайында шығарма жазып келіңдер- деп тапсырма беріп орнына отырды. 
Есіне әлдене түскендей шығып бара жатқан студенттердің соңынан қарап тұрып 
-Ербатыров, бері келіп кетші- деп көпке қарап үн қатты.
Студентердің бірі Азамат Азаматтап, енді біреулері 
-Сені шақырып жатыр.ОООу Ербатыров декан шақырып жатыр- деп қыз жігіттер уылдасып шуылдасып шығып бара жатып Азаматқа іздеу салып жатты. 
 
Аудиториядан шығып кеткен Азамат еңсесін түсіре аудиторияға қайта келді. 
-Отыр мұнда- деп декан өз жанында тұрған бос орындықты нұсқады,
кіріп​ келген Азаматқа. 
Жанына жайғасқан сон декан ақырын тілге тартты Азаматты
-Балам, қалай бәрі дұрыспа​ сенде?
Азамат ,сәл күмілжіп көздерін бір екі қағып : 
-Бәрі жақсы, оны жайша сұрадыңыз ба? Бірдеңені дұрыс жасамадым ба?- деп деканға сұраулы жүзін аударды. 
 
-Жо жоқ, ештеңе бүлінген жоқ, сенің күнде сабақтан қалып жүргеніңе не болды екен?- деген ой ғой 
 
-Мен, мен - деп біраз сөз бастамай тұрып не айтарын ойлағандай сәл кідіріп барып сөзін қайта жалғады -мен ауырып содан уколь салдырып келіп жүрген болатынмын. 
 
-Сонда сенің ауруың өте созылмалы болғаны ма?Жоқ,әлде сен,ана укол дегенің ақ ұнтақты есіртке емес па? 
 
-Жо жоқ, ооо не дегеніңіз есірткі атаулыға жоламаймын және жолаған да емеспін -деп Азамат өзі шошыған кейіпте деканға қарап ақталуда .
 
-Онда неге сабаққа немқұрайлы қарап кеттің және ұйықтап үнемі қалғып отырасың.Себебі не ? 
Әлде сенде айта алмас ғашықтық сырың бар ма? Ұлым мен сені және бәріңді айтпай көздеріңнен танимын. 
Азамат, сәл ойланып үнсіз тыңдап отырды да,сөйлеп болғасын ақырын сөзін бастады: 
-Асқар аға, мен осы универге ауысып келгелі үнемі түс көремін,және сол түстерде үнемі мені бір шырғалаң оқиға күтіп тұрады, сол әр түстегі оқиғаның аяғы мені өлтірмекке апарады. 
Содан түн баласы көз іле алмай оянып аламын.Көз ілсем болды түс көремін, түс көрмес үшін түнде сабақ қараймын да,ал сабаққа келгенде ұйықтап қала беремін ,міне содан мен кешігіп келетінім. 
-Сен сонда осы екі ай бойы үнемі түс көріп келесің бе ? 
- Әрине, Асқар аға. 
-Қызық екен! Ал сол екі айда тәбетің де болмай тамақта жүрмей жүрген жоқпа? 
-Иә солай аға. 
-Ал, сонда ол түстер қалай басталады? 
-Әр түрлі оқиға.Бірде тауда жүремін ,енді бірде қашып келемін, бір қара бейнелі денелілерден, енді бірде бір ақ киімді әдемі қыз мені шақырады таулы жартасқа .
Ал сол қыздың соңынан ілесіп сол жартасты жарқабаққа барсам кемпірге айналып мені құлататындай жақындап келеді. 
Декан Асқар Амантайұлы біраз ойланып отырды да 
- Сен қай жатаханада тұрасың ?- деді.
-Мен 3 ші жатаханада, төртінші бөлмеде тұрамын- деді Азамат 
Декан, аааа қандай қайсысы деп қайта естімей қалғандай қайталап сұрады. 
-Мен 3 ші жатаханада ,төртінші бөлмеде- деп қайта қайталады Азамат. 
Декан ұялы телефонын алып бір нөмерді теріп: 
-Қазір саған біздің бір Азамат есімді студент шәкіртіміз барады,  сен сол жігітті басқа бөлмеге ауыстыр,- деп еді,əлгі адам телефонның арғы жағынан, Асқар Амантайұлы бос бөлме жоқ еді -деп бірдеңелерді айта бастады.
-Ауыстыр деген соң ауыстыр, қазір барады- деп телефон пернесін басып қалтасына телефонды сүңгітіп жіберді. 
-Былай жасайық сен 2-ші жатаханадан өзіңе қолайлы бөлмені тауып ал да, Серикова Айжан апайларыңа барып, осылай да осылай деп айт, мен жіберді -деп соған ауыс. 
-Бөлмеден бөлменің не айырмашылығы бар Асқар Амантайұлы ,мен өз бөлмемде қала берсем болмас па ?
-Ол ұзақ әңгіме балам кейін реті келгенде айтармын- деп Асқар Амантайұлы сөз бітті деген сыңай таныта, теріс айналып үстел үстіндегі шашылып жатқан заттарын жинамақ сыңай таныта бұрыла берген болатын. 
- Аға, ол қандай әңгіме аға айтыңызшы- деп Азамат кетудің сыңайын танытпады. 
Декан,терең бір күрсініп көзілдірігін алып бір сүртті де 
- Ол былай еді деп әңгімесін бастап кетті ....
 
Мен айтқалы отырған оқиға, менің сонау студенттік шағым 80 жылдардың аяғынан бастау алатын болады. 
Үлкен мектеп табалдырығын ауылдан аттап өтіп тәмамдап, қиялмен оқу қуып, Алматы қайдасың ?-деп көз көрмеген қиялымдағы ауыздан тастамайтын әсем қалаға оқуға келдім. 
Біздің ауылымыздың кәсібі жер жыртып мақта салу болатын, сондықтан ауылдың кәрі жасы осы мақтаны күтіп суарып қарап күз жинап өткізетін. 
Ал сондай жердің бас қасында жүретін сол жердің сырын білетін мамандары болатын,ондай маман иесін аграном дейтін.Ауылдың игі жақсы ағалары, әйелдері кәрі қариялары үнемі ауыздан тастамайтын әгрәнөмі Қали болатын . 
Бас қосылған жерде Қалиды ауыздан тастамай үндемей кетпейтін,үйткені Қали оқып келген, жердің қыр сырын білетін жас маман иесі болған соң ба, жоқ әлде оның аграномдық жұмыс жасауы халыққа ұнай ма әйтеуір мақтауын асыратын жұрт. 
Сол кезде мен мектеп оқып жүретін едім ,Қалидай менде агроном болсам деп қиялдайтынмын. 
Кейін Алматы қаласына келіп,мен де сол Қали ағаға ұқсағым келіп армандаған агроном болғым келген оқуыма осы қазіргі Агротехникалық институтына емтихан тапсырып оқуға қабылдандым. 
 
Содан мен осы өзің тұрған, нөмірі үшіні жатаханадан үстіңгі қабаттағы он бесінші бөлмеден орын алдым . 
Жан жақтан келген ауыл балалары,ұлдар қыздар өте көп ,бәрі оқу қуып келген әр түкпірдің өз тарландары еді. 
Бәріміз татумыз бір атаның балаларындай сабақ оқып жатаханада тұрамыз,кейде осы тыныштығымызды, өз ішімізден шыққан, жатаханада тұрмайтын қаланың тік бақай әпер бақан балалары келіп бұзатын.Ондайда төбелесіп қалатын кездері де болатын. 
Сондай бір әпербақандардың балаларының ішінде бір үлкен бастықтың баласы болатын. 
Өте тентек шолжаңпаздау бұзақы біреуі болатын. Есімі Тахир ал жұртқа өзін әлгі ұйғыр Тахир,өзге танысқандарға Тамир деп танысатын.Сондағысы тарихтағы Ақсақ Темірге ұқсағысы келгендей қатыгез Тамир болмақшы оймен айтатын. 
Жаман иттің аты" Бөрібасар" дегендей, олда өзін ұлы Ақсақ Темірге балап Тамир ататып алғанды.Ол жаңадан келген ауыл балаларын ұрып, соғып,қорқытып әлім жеттік көрсетіп, тісін батырып киімдерін ақшаларын тартып алатын. Тамирдан көбі қорқатын,оның бетіне ешкім жоқ деп немесе болмайды деген сөзді айтпайтын және айта алмайтын.Естуімше ол бір үйдің жалғыз баласы еркесі көрінеді.Кішкентайынан оған әке де ,шеше де еш қашан жоқ сенікі дұрыс емес деген сөзді қатты айтпаған, айтпай өсірген . 
Одан тек жатаханада бір қыз ғана қорықпайтын . 
Институттың бетке ұстар озат оқушыларының бірі сол Әлия есімді қыз еді,үнемі оқудың алды жүретін, қандайда бір мерекелік іс шараларды ұйымдастыру болса солардың бас қасында Әлия болатын.Кейде жатаханадағы вахтер апайлардың жанында да болысып солардың орнын жоқтатпайтын,вахтер апайлар ары бері шығып кеткенде солардың орнында отыратын. 
Жатаханаға бөтен ешкімді сырттан кіргізбейтін,кейбіреулер Әлияны ұнатпайтын, апайдың тоқылдағы ана жоғарыдағы ректордың адамы деп абайлап жүретін. 
Бірде күндіз вахтер апайлардың бірі жаңағы Әлияны уақытша орнына қалдырып кетеді. 
-Қазір бір шаруам бар еді тез келемін деп кетіп қалады. 
Кетіп қалған соң вахтер апай есіне бірдеңе түскендей қайтпақ болып аааа қой қазір өзім тез барып келіп үлгеремін деп жүріп кетеді. 
Сондағысы вахтер апайдан таң ертең бес он минутқа жатаханаға сұранып кірген Тамир болатын,ол өзі түні мен ішіп таң атпай ерте мас күйінде үйіне бармай жатаханаға келген болатын. 
Вахтер апайға жылы жылы сөйлей амандаса, достарыма келген едім ертерек сабақты бірге қарап пысықтап алмақ едім деп өтірігін айтып ішке кіріп шықпай қойған. 
Вахтер апай осыны ойлап кідіріп қалып қайта жүріп кеткен болатын. 
Үлкен дәлізде салдыр- күлдір тарсылдаған дыбыстардан вахтер орнында отырған Әлия,түсінбей не болып жатыр деп жүгіріп дәліздің түкпіріндегі ас пісіретін бөлмеге барса.Ас бөлменің ішінде жүрген Тахирды көреді. 
Қазанды және бір екі шәйнекті абайсызда құлатып алған болар соларды көтеріп жерден алып қайта газды плита үстіне қойып жатқан болатын. 
-Мұнда саған кім рұқсат берді және студенттер сабаққа кеткенде сен не істеп жүрсің ?-деп әлгі​ Әлия есімді қыз киліге кетеді .
Оған басы сынып ауырып тұрған Тахир, естімеген сыңай мен жерден ыдыстарды жинастырып жата береді .Ашуға булығып мініп алған Әлия сөзін қарша боратып Тахирды кет шықтың астына алады,оған да мән бермей Тахир ыдыстарды жинап ас бөлмеден шығып кетеді. Оның соңынан ерген Әлия ауызы жабылмай әлі сөйлеп келеді, Тахир төртінші бөлмеге келіп кілтті бұрап ашып кіріп, бір төсекке құлай кетеді. 
Жынданып ашу қысқан Әлия, күшіне мініп не істерін білмей соңынан кірген олда ,анадайда терезе алдындағы төсекте жатқан Тахирды жұлқылай бастайды. 
Бағанадан үнсіз құтылып кетемін деген Тахир, осы жолы атып тұрды да Әлияны тамақтан қылқындырып 
- Мангә қара! Мен сенің ойнайтын көбің емеспін ,сен мияулап қанымды іштің ғой - деп шапалақ пен қыздың бетінен тартып -тартып жібереді де қызды итеріп қалады . Қыз шалқалақтап барып төсектің бір шетіне басын соға естен танып құлайды. 
Оған қараған Тахир жоқ өзі бөлмеден шығып сыртынан кіліттеп қояды.Сондағы ойы жыны басылсын басылғанша сәл қамаулы болсын деп ойлайды. 
Шу шу ете тасыр түсір болып жатқан соң, мен коридорға шықтым шықсам бәрі жүгірісіп төмен қарай жүгірісіп жатыр 
-Өрт! өрт шықты сыртқа шығыңдар тез тез- деп шуылдаса айғайласа ұл қыздар далаға қарай жүгірісуде. Менде төмен түсіп сыртқа бет алып бармақ болып едім, алыстан көк түтіннің арасыннан біреудің жан айхайын естідім.Дауыс шыққан жаққа шуылдап сыртқа ағылғандардың арасынан сытылып жүріп келемін. 
Көк түтін көзді ашытып көзден жас ағызып көрсетпей келеді,кеңсірігімді сасық түтінді иіскемес үшін бір қолым мен сырт киімнің жеңімен жауып алға беттеп келемін . 
Дауыс әлсін шығуда 
- Көмектесіңдер ауууу кім бар көмектесіңдеррррр -деген қыз дауысы тағы шықты. Жақындап сол есікке беттеп келдім ашайын деп тарқыладым ашылмайды итеріп көрдім тағы болмады,есіме өрт сөндіру инвентарының балта саймандары түсті.Енді неде болса,соны тез тауып әкеліп бұзып ашу болды ойда. Тез- тез басып қақала шашала мен түтінді коридор мен дәліздің вахтер отыратын жағына қарай беттеп келемін.Сондай керекті өрт құралдарын жатахананың кіре берісі вахтершаның бөлмесіне жақын қабырғаға бекітіп қоятыны несі . Онысы келген тексерулерге көрсін дегені болатындай еді, соны неге осы асханаға жақын орналастырмаған деп мен келемін ой үстінде. 
Әйтеуір жетіп енді әлгі саймандарды алып қайта коридормен келемін.Бағанағыдай емес дәлізді алау от алып жалын шарпып келеді екен.Әр жерде төбеге тартылған сымдары от шарпып жанып жатыр,бөлмелердің перде төсектері алаудың астында отқа оранып жатыр. 
Мен жүре алмай қақалып басым айналып көзім ашып қолымдағы балтаны көтеріп жақындап қалғанда,шыңғыра айғайлаған қыздың дауысы естілді жылап айғай салып шыңғыруда,жан дәрмені қалмай дауыстап барады өне бойыңды шымырлатып жіберердей айғайлап жылауда.Мен жеттім шыда шыда дегенше болмады тарссс ете жанындағы бөлмеден балон жарылды. 
Одан арғысын білмедім не болғанын,оянсам ауруханада жатыр екенмін. 
Кейін елдердің айтуы бойынша сол күні Тахир газды қосып шәй қоймақ болған,содан әлгі Әлия келіп қалып қосқан газды өшіруді ұмытып кеткен.Содан газдан от алауға айналып, өрт алған жатахананы. 
-Әлия аман қалды ма Асқар аға ?-деп шыдамсыздана мұңайған көзі мен сұрақ қойды деканға Азамат 
-Жоқ,аман алып қала алмадық иманды болсын, жақсы қыз еді деп бет орамалы мен терлеген бетін көзін сүртті.Сол газ балоны жарылғанда қабырғалас бөлмедегі Әлияны қабырға кірпіштері басып қалған екен. 
 
 Міне содан қалған күйік деп жейдесінің оң жақ қолын ағыта көрсетті жанында  тыңдап отырған Азаматқа.
-Мына жағымды күйік толық шарпып өткен екен- деп декан оң аяғын қолымен көрсетті. 
Содан әлгі қылмысты тексеріп тергеушілер тергеу бастады,ақыры Тахирды ұстап,одан жауап алды. 
Ол шындықты түгел баяндап айтып берді 
 
-Ол жауабын тартты ма ?
 
-Әрине,тарпағанда.Үлкен шу болды әкесін орнынан алып тастады,ал Тахир сотталып кетті- деп естідік ел аузынан. 
Кейін жаңа жатахана салды сол орынға. 
Бір жылдары биылғыдай талапкер студенттер көп келді осы институтқа.Жатаханада орын болмады. Содан қазіргі өзің жатқан бөлмені сол талапкерлердің біріне босатып береді сол
бөлмені вахтерлар. 
Айтпақшы сол өрттен кейін жаңа құрылыс салып жатахана салды деп айттым ғой ,вот сол оқиғадан кейін ол бөлмені вахтерлардың тряпка шлабра шелектері тұратын бөлмесіне айналдырған болатын. 
Содан абитуриент көп күздің алғашқы айында комиссия институтты аралап өтеді .Сол комиссиядан кейін осы бөлмені студенттерге ректор босаттырғызып бергізеді. 
Сол арада бір екі ай өтпей сол бөлмеде бір студент жігіт өледі. 
Себебін ешкім білмейді тағы да елдің айтуы бойынша,бірі ол жігіт спортпен айналысатын содан болар жүрек ауруы ұстап өлді десе ,енді біреулері ол бөлмеде бұрынғы жанып өлген қыздың аруағы жүр сол мазалап адамды шошытып өлтірдіміс деген қауесет тарайды.
 
Терең күрсініп маңдайындағы шып шып шыққан терін бет орамалымен сүртіп болып Азаматқа бұрылды
 
- Содан ол бөлмеде елес тұрады деп көпшілік әр түрлі алып қашпа өсектерді айтады
 
-Сонда ол бөлмеге келіп тұратын адамдардың барлығын əлгі елесіңіз өлтіре ма? 
 
-Жо жоқ​ .Мен өз басым елес дегендерге қатты сене бермеймін.Елдің ауызындағы өсектерден кейін лажсыз сенемін.Сол​ əлгі екі студенттің өлімінен кейін жатаханада ондай оқиға қайтіп қайталанбады.
Қайтадан сені түстер мазаласа дəрігерге қаралып көр .
Міне солай деп декан сөзін аяқтап кетуге ыңғайлана орнынан тұрды.
Қой көп отырып қалдық 
Сен барып тез жатаханадан орын алып көшіп ал.
 
Сол күні кешке Азамат басқа жатаханаға ауысып көшіп орналасты. 
 
Жалғасы бар...