Райс Сембаев
 
Райс Сембаев 1985 жылы, маусымның 15- де  Алматы облысы, Ақсу ауданы ,Қапал ауылында  дүниеге келген.
 
Жоғарғы білімді сырттай  Алматы облысы, Талдықорған қаласы ,Жолдасбеков атындағы Заң жəне Экономика Институтында оқып заңгер мамандығын алып шыққан.
Қазіргі кезде Талдықорған қаласындағы Қайнар ЖШС аккумульятор заводында еңбек етеді.
 
(Əңгіме)
Ауылдан, қалаға оқу қуып келген Азамат,қаланың өміріне келген күнінен бастап үйренісе алмай ұйқысын қашырып алған болатын .​ 
Өзі тұрып жатқан жатаханасындағы өз бөлмесінде,алдынғы жылы бір студент қайтыс болыптымыс деген өсек жатахананың əр бөлмесінде тарап жүрген болатын .​ 
Сондай өсектерді ойлағаннан ба жоқ əлде адам ойын сансыз сұрақтар мазалағаннан ба əйтеуір Азамат осы бөлмеге келгелі, күнде түс көретін болды.​ 

 
Тағы сол ауыл,тағы сол төбе,өзім тұрған төңірек қап-қараңғы,жанымда бейтаныс бір сұлу бойжеткен бар.Екеуміз ауыл сыртындағы таудың бір бұйратында тұрмыз.Шілденің ыстық түнгі ауа райын, салқын самалды жел түстіктен еселей соға түнгі табиғатқа жан бітіргендей тербетуде. 
Мен қызды құшағыма алып қысып аймалап еркелетудемін,қызда қарсылық жоқ,не үн жоқ. 
Қараңғылықты самалдай соққан жел алып кеткендей, бір сүт пісірім уақыт өтер өтпестен аспан бетіне түрлі түсті ою өрнекті сурет қалыптаса бастады. 
 
Аспан беті ашылып, алтын табақты ай қиғаштай батыстан тау тасасыннан көтеріліп келеді .Түнгі аспан бетін түрлі түсті моншақтар шашыла басып,əр жер жеріннен түрлі түсті жарығы мен түңгі аспан бетіндегі жұлдыздардың жарығы қызықтыра көмуде.​ 
 
Аздап соққан самалды жел ұйқыдағы ауылды айналып өтіп,ауыл сыртындағы қырда тұрған екі жастың самайын сипай, қырды жағалай өскен ағаштарды тербетуде.​ 
Ауыл тымтырыс қалың ұйқы құшағында ,тек осы тыныштықты ауылдың əр жеріннен ысқыра шыққан ысқырық үні мен ауылдың жарыса үрген мазасыз иттері бұзуда.​ 
 
Самалды жел қырдағы шөптің бетін сипай сылдыр сылдыр қаға дыбыс шығаруда , сол шөптің дыбысын іліп алып жалғай қосарласа қосыла шегіртке үніде шырылдай ,оған қоса тербелген ағаштардың дыбысы,өзеннің ағысы табиғат элегиясының хорына ұласып бірін бірі іліп əкетуде.​ 
 
Құшақтасып қырдан төмендегі түңгі ауылды тамашалап екі ғашық қарап отыр.​ 
Екеуінде үн жоқ құшақтарын ашпай үнсіз отыр​ 
Орныннан ақырын көтерілген жігіт қызды ақырын қолынан тартып тұрғызды. 
 
Екі ғашықтың махаббатын таудан аққан бұлақ суы суреттеп ақырын ағып құлдиға құлауда.Аймаласқан қос тән еріксіз беймәлім тылсым күшке беріліп су бетіне сурет салып шағылыса ағып барады құлдиға қарай. 
Жігіт теріс айналып киімдерін дұрыстап болды да, қызға бұрылып бірдеңе айтпақшы болып бұрылып еді, қыз орнында жоқ.​ 
Ары қарап бері қарап көрді көрінбейді .​
 
Өздері тұрған маңайды қарап көрді қыз жоқ.​ 
 
-Қайда кетті екен әлде ылдиға түсіп өзен суына жуынып алуға кетті ма деп ойлап тұрды да ,төмен қарай жалғыз аяқ жол мен түспек болып еді, кенет ауа райы өзгеріп кетті. Суық салқындау қою тұман басып ештеңе көрінбей қалды. Біраз үнсіз мына тылсым табиғатқа қарап тұрып, қайта артқа қайтпақ болып бұрылып жүрмек еді,дәл алдыннан әппақ киім киген шашын жайып күлімсірей қарап жас сұлу тұр.Шошып кетіп құлап қала жаздап әрең дегенде денесін тез жинап тілге келді​ 
 
- Немене киіп алғансың үстіңе?​ 
 
-Бағанадан сені іздеп жүрсем, мені қорқытпақшы болып тығылып жүрсің ба?​ 
Қызда үн жоқ жәй күле артқа бұрыла жәймен баса кетіп барады,қыздың күлкісін тау жаңғырығы жалғап алып алысқа дауысын әлсірете әкетіп барады.​ 
 
-Тоқта киіміңді кисеші- деп жігіт қыздың жалаңаш денесіне қарап тұрды да соңынан тез жоғарыға қарай жалғыз аяқ жолмен жүріп жетпекші болып тез басып еріп келеді.​ 
 
Бірақ аяғына шырматыла бірдеңе оратыла жүрісін тез бастырмайды ,шаршап ентігіп қалып сәл тыныстап артына қарап көз жүгіртті.Бірталай жерді артқа төменге қалдырыпты.Жоғары қарап тұрған жеріне көз жүгіртті. Қазіргі тұрған жері таудың жар қабақты тұсы екен, сәл жоғары жүрсе дәл алдыннан екі таудың қосылар тік жар қабақты тұсына барады екен.​ 
 
Алыстан қыздың шақырған дауысы келіп жетті​ .
 
- Мұұұұұұндаааааа келллллллл! Беріііііі жүүүүүүүүррррр мұұұұұндааааааааа деп қарлыға қырылдай шығып дауысы бәсеңдеп барып басылды .​ 
 
Ентіге ақырын басып тырмыса жүре ақыры жоғары шықты.​ 
Қыз жоқ ой мынау мені мен ойнайын дегені ма деп жар қабақтан сайға қарап көз жүгіртті​ .
Арттан оқыс сықылық күлкі шықты бұрылып қарап көргені сол еді, қыз дегені әп сәтте кәрі қарияға айналып​ "жүүүүүр кеттік" деп жігітке беттеп таяғына сүйене келеді.​ 
 
Шошып кеткен жігіт артқа адымдап шалынып кетті. Құлап барып жар қабақтың бір сүйірлеу тасыннан ұстанып қалды.​ 
 
Қолынның тамырлары шығып білеуленіп әлсіреп талып барады,төменге қарайды құз тасты шатқал,өзен алыстан жіптей жіңішкере ағып жатыр оның өзі көзге ай сәулесінің нұрына сәуле шаша әзер көріннеді. Не де болса бір амалдап тырмысу керек, екі аяғын сермеп өзін тербете тасқа аяғын қатты соғып алды. 
 
Селк ете төсектен құлап оянып кетті...... 
 
(жалғасы бар)