Айттарыңыз қабыл болсын, апа-сіңілілер! Адамды сағыныш жеп қояды екен. Рас. Мен сағынып жүрмін. Кімді дерсіздер? Ағатайымды. Жар деген де жалғыз бауырымды жылда тосамын. Екі көзімді жолдан алмай, дастарханымды жинамай. Əке-шешемнің үйінде түтінін түтетіп қалған соң қиын екен. Əйтеуір, бір рет қарашаңыраққа келіп, құран бағыштап кетер деп күтумен жүрмін.
Қыз баласымын. Қарашаңырақты аға-жеңгем сатамын дегенін естіп, күйеу жұртымнан бір күнде көшіп келдім. Нөкіске тұрмысқа шыққан едім. Көкем мен шешемді қолыма алып қалғанмын. Үйді сатамын деген ойларын бұзған күннен, ағам мен екеуміздің арамыз суып кетті. Бəрін бүлдірген бүлдіргі - жеңешем. Үйді сатып, ақшасын ішіп жемекші еді. Көкем мен шешем қалаға үйрене алмайтыны анық болатын. Мен ескі үйді бұзбадым. Жаңа үй салып, əкемнің ұстаханасын кеңейтім. Анамның атына дүкен аштым. Ағамды сағынам. Бауырдан безіп, ет-бауырымды езіп қайда барамын?
Өмірде қиналғанда туысқаның қасыңда болып демеу болмаса, қуанғанда қуанышыңды бөліспесе одан асқан азап бар ма?Тете болып, тай –құлындай тебісіп өскен жан ағатайымды бір шөп желке ырқына көндіріп туысқанан бездіреді деп ойлаппын ба?