Кемпір тісі жоқ қызыл иектерін көрсетіп мәз болып күлді...

Настья әжейдің бір мінезі ақшаға қатты қуанады.Жеркепе үйінің алдындағы шағын бақшасында өзі өсіретін жемістері мен көкөністерін базарға шығарып сатады.

Бірақ,қаражатын орынсыз жұмсамайды.Ұсынықты қарт туған-туыстары бұл маңда жоқ болғандықтан,күні ертең өзін жерлеуге жұмсайтын қаражатты жинап жүрген сыңайлы ма қалай.

- Сонымен,Картаузды білесің бе, балам ? - деді, қәрия дірілдеген қолдарымен алдыма дастархан үстіндегі тағамдарын иттере түсіп...

-Картаузовты ма, әжей,білемін.Ол кісі қазір осы қалада.Естуімше жеке меншікті машинасымен жолаушы тасиды…

Әне қара,батырымды!…Әжей күбірлеп,саусақтарын бүге бастады…

- Менен он бес жастай кіші ол.Тыңға бала кезінде келген.Екі аяғы тізеден жоқ болса да, трактор айдап,Еңбек Ері атанды…

- Әжей, баспанаңыз аралда қалғандай болыпты.Қала басшыларының берген биік үйлерінің біріне неге көшіп алмайсыз.Биыл қыстан қалай шықтыңыз ? - деймін, қәрияның жауаптарын күтпестен ,сұрақтың астына алып…

- Тоқсаннан астым,балам.Биыл күзде шалымның қасына баратын шығармын.Сондықтан, маған енді еш қайда қоныс аударудың қажеті жоқ…

- Шалыңыз Сталинград түбінде қаза тапқан демеп пе едіңіз...

Адамның рухы өлгеннен кейін ұшып,Африкаға да бара береді.Тәннен босаған жанның қанатты құстан да ұшқыр болатынын білемін... Осыны айтты да қәрия бұрыштағы қуыстан ағаш құмыра алып шықты.Манадан байқамаппын,үйде өркениеттің белгісі болар ештеңе жоқ.Тоңазытқыш,радио,теледидар көзге шалынбайды мүлдем.Тіпті электр шәйнегі де көрінбейді.Оты өше бастаған темір пештің үстінде үлкенді-кішілі шойын ыдыстар ғана тұр…

- Электр магнитті толқындардан қорқамын.Сондықтан,электрді мүлдем пайдаланбаймын десем де болады.Ана шамды тек,кешке бірер минуттарға ғана жағамын - деді әжей,менің не іздеп отырғанымды аңғарып қалып…

- Маған сағаттың да қажеті шамалы.Оның қызметін Матильда атқарады.

Бұл кісінің тоқсаннан асуына ненің себеп болып отырғанын енді зерделегендей болдым…

- Әжей,Сіз,ұзақ жасыңызда нені қадір тұттыңыз-деймін,қарияны көбірек сөзге тартпақ ниетпен.

- Еңбекті,балам!Осы жасыма дейін таң құланиектене тұрып,қыбырлаумен келемін.Ортаның да,үйдің де жұмысынан қашқан күнім жоқ.Шын бейнеттенген адамның жамандық атаулыдан аулақ болатынын анам марқұм санама сіңірген.Адал еңбектің пендесі өзгенің де өмірін қадірлейді,балам.Еңбектен қашпасаңдар,денсаулықтарың да жақсы болады.

Әжей бұрыштағы самсап тұрған бос шыны құтыларды алдындағы үлкен тегештегі суға мұқият жуа бастады.Онсыз да жарқырап тұрған ыдыстарда терезеден түскен күн сәулелері көңілдене құбылады.

-Биыл қала маңындағы орманда қарақат көп болады.Астананың айналасы қазір қалың орман ғой.Өзің ол жерлерді көріп пе едің - деді,әжей мен жаққа көзін сығырайта қарап.Жауабымды күтпестен, тыңнан әңгіме бастап кетті.

- Соғыс жылдарында анам екеуіміз Ақкөлде тұрдық.Үйімізден қалың орман таяқ тастам ғана жерде.Ертемен жалғыз ешкіні жетелеп, сол ағаш ішіне кетемін.Күн ұзақ орман көлеңкесінде,жидек, қарақат теріп,жеймін.Қайтарда ағаш шелегіме толтыра жемістерін үйге ала келемін.Анам солардан тіл үйірер тоспа жасайтын.Ең қинайтыны,мынандай шыны ыдыстар таптырмайтын.Қәрия қолындағы шыны құтыларын аялай сыйпады.

- Бардың қадіріне қазір жете бермейміз-ау.

Мына шыны ыдыстарды мен қоқыс салған темір жәшіктерден үнемі жинап аламын.Анау әдемі кәрлен кеселерді де сол жерлерден тауып алғам.Әбден байыған көршілер қоқыс жәшіктеріне небір жылы киімдерді де,жұмсақ жиһаздарды да лақтыра салады.Бірақ,мен өзіме керегін ғана аламын.Сен,балам,мен жайында жаман ойлап қалма әсте.Мен Плюшкин емеспін…Тек,осы заманның адамдары барлық пен байлықты көтере алмай жүр ме деп,қорқамын.Ал,қанағатты білмеген адам,қылмысқа барады.Қоғамға ,адамдарға залал келтіреді…

– Әжей,қалай ойлайсыз!Осы жын-шайтандар өмірде бар ма.Сіз ұзақ жасап келе жатырсыз ғой-деймін,қарияны сөйлете түсуге ден қойып..Сыртта жаңбыр әлі де себезгілеп,терезе шыныларын шертіп тұр...

(Жалғасы бар )