Сәлеметсіздерме құрбылар!Аты -жөнім құпия болсыншы.Менің оқиғам түсініксіз әрі ауыр.17- жасымда қалаға келдім.Студент болып жүрдім.Үй- ішімнің жағдайы нашар.Қалада өмір сүру қиын болды.Ақша жағынан қысылдым. Жұмысқа кіріп жұмыс істеп жүрдім.Бірақ сабағым нашарлап кетті.Жұмысқа да дұрыс бармадым.Олар мені жұмыстан шығарып жіберді.Ақшамды да дұрыс бер меді.
Бір күні таксимен келе жатқанда таксист маған ұсыныс жасады :”Менімен боласың ба ақшаға?” деп.Мен келіспей жылап қашып кеттім.
Бірақ...кейін ойланып сондай жұмысқа кірмек болдым.Сөйтіп жұмыс істеп жүрдім.Ақшаны көп таптым.Бір күні жұмысыма ауылдағы әкемнің досы келіп мені танып қойды.Оның келгенін көрмей қалдым да,жасырынып үлгермедім.Мені көрген кезде оның көзінде бір от пайда болғанын байқадым.Содан жеке шақырып алды. Көліктің ішінде жылап әкеме айтпауын өтіндім.Ол мені жұбатқандай болды.
Басында құшақтап”жылама”деп бетімнен сипап,сүйді.Содан байқасам тамағымнан иіскеп,қолын жүгірте бастады.”Мен керегі жоқ” деп қанша жалынсам да,ол бәрібір тыңдамады.”Көнбесең әкеңе айтып барамын,одан қала берді саған кіммен болсаңда бәрі -бір емес пе жезөкше болғасын?”- деп қорқытып ,әр намысыма тие бастады.
Құмарын қандырып болғасын “ешкімге айтпаймын,бірақ келген сайын менімен боласың” деп шарт қойды да телефон нөмерімді жазып алды.
Бір күні келіпті.Араққа тойып алған.Сағынышын басқан соң”неге бұлай жүрсің?”деп ұрып соға бастады.Мен тағы жалынып жыладым”тек әкеме айтпашы” деп.Ол келуін тоқтатпады.Үйіме келіп жатып алады.Келген сайын,арақ алғызады.Шыдамым тауысылып бітті.Жүйкеме әбден тиді.Не істерімді білмей жүрмін.Ойлана беріп басым қатып кетті.Жасап жүргенім дұрыс емес екенін білемін.Бірақ...әкемнің досымен болу маған тым ауыр.Дұрыс жолға түскім келеді.Бірақ қалай?!