el24.kz Әзербайжан мен Ресей үкіметтері 2024 жылдың желтоқсанында болған ұшақ апатына байланысты өтемақы төлеу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы «Әзербайжан әуе жолдары» (AZAL) жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Самир Рзаев APA ақпарат агенттігі мен Әзербайжан мемлекеттік телеарнасы AzTV-ге берген сұхбатында мәлімдеді.

Самир Рзаевтың айтуынша, Ресей тарапы ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының мұрагерлеріне өтемақы төлеуге келіскен. Сонымен қатар, «AZAL» әуекомпаниясына келтірілген материалдық шығын да толық көлемде өтелетін болды.

«Жалпы алғанда, Ресей тарапы бөлінген қаражатты Әзербайжанға жақын арада аударуды жоспарлап отыр. Ол қаражат түскеннен кейін, біздің міндетіміз – аталған соманы қаза тапқандардың мұрагерлеріне төлеп беру», – деді AZAL басшысы.

Оның сөзінше, бұл шешім екі ел арасындағы үкіметаралық келіссөздердің нәтижесінде қабылданған. Қазіргі таңда қаражатты аудару және төлемдерді жүзеге асыру тетіктері пысықталып жатыр.

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанында болған ұшақ апаты қоғамда үлкен резонанс тудырып, оқиғаға байланысты арнайы тергеу амалдары жүргізілген болатын.