"Кесір келін босағаңнан аттаса, көрер күнің бейнет" дегенді ,атам қазақ тегін айтпағандығын күн өткен сайын түсініп келем. Бар ананың асыл арманы -келін алып, қолын жылы суға малу. Ибалы келіннің қолыннан шайын ішіп, енелік өнегені көрсеткім келгенін,қалай армандағанымды білсеңіз еді.
Бір түйір ұлымның қосағына үлкеннің ақылы қажет емес секілді. Ана болып, ақыл айтсаң, аузыңды екінші рет қайта ашпастай етеді. Солқылдақтық танытып, келген кезінде қатты еркіндік берген сияқтымын. Өмір бақи медбике болғаннан соң ба? Келінімнің жетім өскені жəне денсаулығының жоқтығына қатты жаным ашыды. Ұлым қадамын шалыс басып,бұрынтаныс болмаған қызбен үйленуге мəжбүр болып, бір айда босағамызға келін етіп түсірген жайымыз бар. Екеуі де бір-бірін сүймей қосылды.Келінім келгелі бар жұмысты өзім жасаймын. Соңғы əркеттері жүрегімді тіліп түсті.
Ауылдық жер болғасын, əрі кəрілік бар, сүт пен майсыз тірлік жоқ. Өткен айда екі аптадай ауырып қалсам, қорамдағы құтты базарға шығарыпты. Бір бес күн ,екі бас сиырды саууға жарамағанына зығырданым қайнады. Кесірлік қой. Мал ұстамай , ауылда тірлік оңсын ба? Маған жаны ашығандық деп санай алмаймын. Себебі, малдарды сауатын құрылғыда бар еді. Саууға қиналмады. Сол бір ғана себеп - таңертең өріске мал қосуға тұра алмады. Менің дүниемді мен жоқта əпкесіне саттым деп, асырып жіберіп отыр. Маңдай теріммен алған малымды біреуге бергенімен қоймай баламды маған қарсы қойып отыр. Не дегенін де білмеймін. Менің қан қысымым қайта-қайта көтереледі. Ташкенге он күнге емге де бардым. Бір ауыз сөз айтпадым. Келін қалаға көшеміз деген шешімге келіпті. Менен шаршапты. Адам өз анасынан шаршай ма? Ене екінші анаң емес пе?Тігулі үй мен асулы қазаннан бас тартып,баламды пәтерден пәтерге қаңғытпақшы ма?Маған дүние керек емес. Екі сиыр садақам болсын! Ауыз да ашпаймын. Маған перзентімнің қасымда болып, бақытты болғаны керек. Келініме осыны айтайын десем, ұялысын көтермейді. Ана сөзін тыңдауға қауһары жоқ, перзент болып жарытпайды. Кесір болма, келінім! Жалғыз баламды менен алыстатпа қарғам...