Жасым келгендіктен болар,отбасылы еркектер маған жүруге ұсыныс жасайтын болыпты.Тағдырым шығар жасым 28- ге келсе де біреудің етегінен ұстау бақыты бұйырмапты.
Оқу оқып жүріп қалдым.Карьера қудым деп те айта алмаймын.Көптің бірімін.Қарапайыммын.Орта арнаулы ғана білімім бар.Тұз -дәм көтермесе қыз бала қанша талпынса да пайдасы жоқ екен.25- тен асқан соң ойлана бастадым.
Себебі айналама қарасам қатар -құрбыларым тұрмысқа шығып,алды екі -үш балалы болып жатыр.Мен де ойланып жүргенімде,бала -шағасы барлар, ажырасқандар ұсыныс жасай бастады.
Отбасы болса да сырттан жылу іздейтіндер қаншама.Әйелінің көзіне шөп салып,оны әйелім білмесін деп қашып -пысып жүретін еркектер ұнамайды.Маған әкем сияқты өр мінезді жігіттер ұнайды.
Әкем де кезінде жүрген.Бірақ анама айтатын.Анам ауыр болса да бәрін білетін.Бәрін көтеретін.Өйткені сырттағы әйелдердің табалай сыпсыңдағанынан өз аузымен айтқаны әлдеқандай жеңіл болатын шығар,қазіргілер сияқты ажырасамын деп аласұрғанын көрмеппін.Бәріне сабырмен қарайтын.Содан да болар,жанұяның іргесі ажырамапты.Бірақ...анамның әкем келмей қалған түндері күрсініп,ұйықтай алмай шығатынын сезуші едім.Ал таңертең бала -шағасына дым білдірмей жайраңдап шәйін беретін.
Тек мен ғана, анамның көз жанарының түкпірінде мұң жүретінін білетінмін.Соның бәрін көріп жүріп, өзіме ұсыныс жасаған отбасылы еркектердің ар жағындағы әйелін ойлаймын.Анам көз алдыма келеді.Содан да болар еркекке ішім жылымайды.
Жүрегімде ер азамттарға деген сенімсіздік бар,қалай арыламын?...
Маржан