8 наурыз көктем мерекесімен барша аналарымызды,нәзік жан иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел отбасының ұйытқысы,әйел әр -бір үйдің алтын діңгегі,ер -азаматтардың сүйеніші,"қисық қабырғасынан жаралған" жартысы,сондықтан да әйел-аналарымыз аман болсын!
Гүнай Текин
Аударма Мейіргүл Үркімбайға арналады
Адам жүрегіндегі мейрім гүлін солдырмайтын құдірет - ана мейірімі ғана.
Мəулана.
Анасын сүймеген, қадірлей білмегеннен ешқашан жақсылық шықпайды. Көшеге жақсы болып көрінуге қанша тырысқанымен, жақсы көріне алмайды. Өмірде мені таң қалдыратын нəрсе жоқ деуші едім. Бар екен . Анасы тігінші болғаны үшін анасынан арланатын Айлинді көріп, адам басындағы бағының қадірін білмейтінін тағы бір аңғардым. Басындағы алтын тəжін түсірмесе деп іштей тілек еткеннен басқа ештеңе жасай алмайсың...
Мəриям əпке мен Озан ағайлармен Алманияда оқуға аттанған алғашқы күннен біздер көрші тұрдық. Айлин менімен бірге оқыды. Сондай мейрімді жандар болатын. Қай кезде көрмейін, Мəриям əпкенің қолынан инесі мен қайшысы түспейтін. Сан түрлі əдемі көйлектер тігетін де отыратын. Айлиннің үстіндегі көйлектерге бəріміз қызыға да, қызғана да қарайтынбыз. Таңғы сағат жеті де тігін шеберханасын ашуға кетіп, түнгі он екіге жақын үйіне оралатын. Алайда, Айлинім жесін деп, таң атпай ет қосқан бəліштерін пісіріп үлгеретін. Ана жүректің əрқашан сəбиін ойлайтынын Мəриям əпке арқылы санама мықтап тоқыдым. Мені де өз қыздарынан кем көргені үшін разылықпен əлі күнге қоңырау шалып тұрамын. Бұл күнге қалай жеткенін ұмытқан көршімді түсіне алмай жүрмін. Дəулетті үйдің баласына тұрмысқа шығамын деп, өмірдегі ең қымбатын ренжітуге бола ма? Саған өмір сыйлаған жанның жүрегін жаралау қалай болса да кешірілетін дүние ме?
Адам - өз кəсібін сүйсе жəне сол кəсібінен нан таба алса, оны мақтан тұту ғана керек.
Мен соны көргенім де Кипрдегі анамды ойландым. Күн ұзақ мектепте жүретін анама еріксіз қоңырау шалдым. Анама ол кісінің тəтті күлшелерін сағынғанымды жеткіздім.
Ана! Мен Алманияда үш жыл оқып, сізді күттіргенім рас. Сəби шағымда Азиядан қарлығаш пен нəуірзектер келеді деп, əкеме ұя жасатушы едіңіз ғой. Сол құстарды сəуірге дейін тосып, олар келгенін білген де балаша шат болушы едіңіз. Мен сол күлкіңізден қуат алатынмын.
Анашым! Ақ жүрекпен адамды ардақтай білудің өнегесін сіздің ісіңізден танып, сол өнегемен тірлік кешіп келемін. Енді айтпақпын. Жолымда көп қиындық кездесті. Сенгіштігімнен соқыр тиынсыз далада қалған кезім де болды. Бірақ... Басымды төмен салмадым, жігерсіздік тантпадым. Аңғалдық айып емес, сол аңғалдықты өз пайдасына пайдаланғандардың ісі айып. Мен сізден жүрекпен сүйуді үйрендім жəне жүрекпен сүйгенге бас ие білу қажеттігін білдім.
Биіктік - өзгеден өзіңді биік санау емес, өзгелермен өзіңді тең санай білмек екендігін сіздің əр сөзіңіз арқылы ұға түстім. Аспандамадым. Атаққа алданбадым. Шынайы пейілді ешқашан аяққа таптамадым.
Менің анам - бағбан. Көктем шықса, аулаға райхан, бəйшешек, түймедақ, қызғалдақтарды егуге кірісетін əйел.
Менің анам - ұстаз. Жас өскін шəкірттеріне білім үйрететін. Кипрдің көктеміндей ақ пейілімен бар адамды жақсы көре білетін ақылман жан.
Ол барда, мендік жүректегі мейрім гүлі мəңгі көгеріп тұрары анық. Ол барда, мендік көңіл айдынымды кір шалмайды,ұ сезім көлім былғанбайды.
Аман болыңызшы, көңіл бағбаным, жаққұт жүрегім, асыл ардағым!
***
Мейірім гүлі
Гүнай Текин
Мейрім гүлі солмайды,
сіз барда бас тəжім.
Сізге қарай самғайды,
жүректен ұшқан əнім.
Ақ кемесі арманның,
бастайды мені тек өрге.
Мəнін ұқтырған жалғанның,
мың тағызым өзіңізге.
Күндер күлкі сыйласын,
Қуаныш мезет жиі боп.
Жылдар жырын сыйласын,
Тағдыр ғажап сыйын көп.
Түрік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы