Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Менің ешкіммен бөлісе алмайтын, ешкімге айта алмайтын сырымды өздеріңізбен бөліскім келеді. Маған ақыл қосып, дұрыс шешім қабылдауға көмектессеңіздер екен.

 

Мен тұрмыстамын, 1 қызым бар. Күйеуіммен 2 жыл кездесіп жүріп, тұрмысқа шықтым. Бірақ қанша тырыссам да күйеуімді сүйе алмадым. Тұрмысқа шыққан соң сүйіп кетермін, бастысы ол мені сүйеді деп ойлап едім. Күйеуімді сүймеген соң ба, әр ісіне көңілім толмайды. Бір жағынан үйіндегілер мені менсінбей, арамызға от салады. Осылай қиналып журген жайым бар.

Жақында жұмыс орнымда бір жігітпен таныстым. Дос ретінде араласып жүрміз Ол маған ұнайды, ол да мені жақсы көреді. Егер күйеуіммен ажырассам, маған қосылатын ойы бар.

 

Бірақ ол үйленбеген, бойдақ жігіт, 25 жаста. Маған деген көңілінің шынайы екенін дәлелдеуге тырысып жүреді үнемі. Оны ұнатып тұрған соң ба, әр сөзіне сенемін, оны көрген сайын жүрегім дүрсілдеп, алып ұшып тұрады. Мұндай сезімді ешкімге сезінген емеспін.

 

Ол жігіттің жағдайы аса жақсы емес папасы ерте қайтқан, мамасы қазіргі кезде ауруханада қатты ауырып жатыр. Дəрігерлер шамалы ғана өмірі қалды деп отыр.

 

Мен ол жігітке: "Тұрмыс құрмаған қыздар көп қой десем, жүрегім қаламайды басқаны, сенсіз өмірімді елестеткім келмейді" дейді. Қанша уақыт күт десең де күтем деп отыр.

 

Не істесем болады? Оны шынымен де сүйіп қалдым, біздің бір-бірімізге деген сезіміміз шынайы.

 

Не істесем болады? Өзімді де күйеуімді де қинамай кетіп қалайын десем, күйеуім жібермейді.

 



Аноним

 

alashainasy.kz/