Көрші есікте тұратын пәтерші қыздар әбден шаршатты дейді бір танысым:
«Бұрындары ол пәтерде бір отбасы тұрушы еді. Олар кеткен соң үш қыз келді. Үшеуі де қазақтың сымбатты қыздары. Содан бастап көрші есікте тыным жоқ. Күн бола ма, түн бола ма, белгісіз еркектер келіп-кетіп жатқаны.
Жалғыз мен емес, өзге көршілерім де ол қыздарға ренжулі. Содан шыдай алмай, пәтерді жалға беріп отырған қожайынды шақырдық.
«Мына қыздар тыныштық бермеді. Оларды пәтерден шығар» десек, «жұмыссыз жүрмін. Осы пәтерден түсетін ақшаға ғана қарап отырмыз. Дұрыс түсініңдер» деп жалынып-жалпайды. «Онда қыздарға ескерт, шуламасын. Бөтен еркектер келмейтін болсын», дедік. Пәтер иесі «айтқандарыңыз болады», деп зыр қақты. Сонымен бір аптадай тыныштық болды. «Дұрыс болды. Ух» дегенбіз.
Бірақ бұл алдамшы екен. Көп ұзамай бөтен еркектердің ол пәтерге келуі тағы жиіледі. «Мұнда не сыр бар?» деп біраз бас қатырдым. Содан бір күні аулада тұрсам, бейтаныс бір бала келіп, «аға бәленбайыншы пәтер осы подъезде ме?» деп сұрады. Оның сұрағаны әлгі қыздар тұратын пәтер еді.
– Иә. Танушы ма едің?.
Сасып қалған жігіт: – Жоға, «по вызову» жұмыс істейтін жезөкше қыздар ғой. Бағалары арзан. Сағаты 5-6 мың теңгеден аспайды. Қалтамызға ыңғайлы. Содан ғой, осында келіп, бойымызда шыдатпай бара жатқан «энергиямызды» шығарып кетеміз» демесі бар ма?
Сонда ғана түсіндім, олардың қандай қыздар екенін. Тағы бірде аулада темекі тартып тұр едім, әлгі қыздардың бірі сыртқа шығып барады екен.
– Айналайын қарындасым, бері келші, дедім.
Жаныма келген қыз менен тайсалмай бір тал темекі сұрап алды. «Қарындасым-ау, бұ тірліктерің не? Үшеуің де әп-әдемі, жігіт қызығатын қызсыңдар. Ал жасап жүрген тірліктерің мынау. Ар қайда, ұят қайда», деп тіке кеттім.
– Мұндай сөзді көп естиміз. Алдымен ақша беріп ойларына келгенін істеп алып, сіз секілді ұрсатын ағалар көп. Таң қаламыз. Құмарларын қандырып алған соң ғана, ол кісілерге ақыл кіретін секілді. Тіпті нотация оқып болған соң, «постаяный клиентің боламын. Скидкі жасап тұрыңдар», дейтінін қайтерсің олардың. Жоғарғы оқу орнын бітірдік. Бірақ жұмыс жоқ. Амалсыз «ауылдағы ата-анамызды алдап, жұмыс істеп жатырмыз» деп қоямыз. Мұндай тірлікке амалсыз бардық. Ақшаның дәмін тата бастаған соң, мұны тастап кету қиын екен. Өйткені біздің елде дүниенің бәрін ақша шешетіні белгілі ғой. Жеңіл ақшаға үйреніп қалдық. Бір сағат клиентпен «жұмыс» істейсің, 5-6 мың теңге қалтаңда. Бағамызды әдейі көтермейміз. Өйткені «клиенттеріміз» біздің «конкуренттерге» ауып кетеді деп қорқамыз. Жезөкшелер арасында да бәсекелестік бар. Аға, көрші екенбіз, көңіліңіз қаласа, кіріп тұрыңыз. Сізге жақсы «скидка» жасаймыз» демесі бар ма, әлгі қыздың. Не дерімді білмей қалдым»
Аян Мырзабек