el24.kz Ақтауда Toyota Camry көлігі жол жиегінде тұрған жүк тиегішке соғылып, салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасын растады. Ведомствоның мәліметінше, қаза тапқан құқық қорғау органы қызметкері демалыста, қызметтен тыс уақытта жүрген.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, қызметкер мас күйде болмаған. Қанынан алкоголь мен есірткі заттары анықталған жоқ», – деп хабарлады департамент.
Әзірге бейресми дерек бойынша, көлікте тағы бір полиция қызметкері болғаны айтылады. Ол аман қалған, алайда ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде әлі растаған жоқ.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері анықталмақ.
