• Сәлеметсіздер ме, құрметті әпке-сіңілдер, ардақты оқырман! Менің атым жасырын болатынына сенімді болған соң осында жазып отырмын. Менің жасым 20-да. Күйеуіммен ажырасқаныма жарты жыл болды. Екеуміз заңды некеде турмаганбыз. Ол екеуміз үйленбей тұрып жақын қатынаста болып қойған едік, үйленетінімізге сенімді болдық. Содан кейін бірнеше ай кездесіп жүрдік. Сол кезде күйеуімнің жолдас баласы менің кыз емес екенімді біліп жыныстык катынаска күштеп апарды.  Осы жағдай бірнеше рет қайаланды. Егер менімен болуға келіспесең, ата-анаңа бəрін айтамын, менімен болып жүргеніңді айтамын деді, мен катты қорықтым ешкімге айтпадым.

Уакыт өте мен жүкті екенімді білдім. Ең жаманы мен күйеуіммен де, оның жолдас баласымен де косылган айы көтерген екенмін. Бірақ оны ешкімге айтпадым. Содан күйеуіме турмыска шыктым. Енем мені алғашқы күннен-ақ жақтырмады, маған балан кімнен екені құдай білсін, қазіргі қыздарға сенбеймін мен деп айтып тастайтын. Тууға бір ай қалғанда енем ақыры мені күйеуімнен ажыратып жіберді. Күйеуім анасына қарсы шықрпады. Қазір əке-шешемнің үйіндемін. Олар алимент төлетеміз деп отыр, сотқа берді. Енді с от күні жақындап калды. Енем ДНК тест жасатасыңдар деп отыр. Ал менде күдік бар. Күйеуімнің жолдас баласынан көтеріп қалсам ше? Не істесем болады? Ауыр күнә жасағанымды білемін, амалым бар ма? 


Аноним 

alashainasy.kz