Сәлем "Сырласу" саған алғысым шексіз. Жұмыстарыңа табыс тілеймін ! Аты -жөнімді анонимді берсеңіздер екен. Жасы үлкен әпкелерден ақыл кеңес керек. Сұрайын дегенім ,келін ата -ененің төсегін салған дұрыс па ? Күнде салып таңертен жинаймын. Ата - енем жас кісілер.
Аллаға шүкір ,денсаулықтары да жақсы. 1972 жылғы. Атам жұмыс істейді, алтын адам.
Енем жұмыс жасамайды үйде. Неге екенін білмеймін маған төсек салдыртады. Шариғатта бұған не дейді екен ?Негізі дұрыс емес деп естуім бар. Ойларыңызды ортаға салып,пікір білдірсеңіздер екен. Алдын ала рақмет ! Сөге жамандамаңыздар.Жәй білгім келген , ерлі -зайыптылардың төсегін басқа біреудің салғаны дұрыс па, бұрыс па?