el24.kz Алматы қаласында жол қозғалысын реттеу кезінде полиция қызметкері жол-көлік оқиғасына тап болды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін қала орталығында болған. Қызметтік міндетін атқарып жүрген инспекторды жолдың қақ ортасында келе жатқан автокөлік қағып кеткен.
Жарақат алған тәртіп сақшысы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізуші ұсталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп сақшыларының нұсқауларын қатаң сақтауға және жол ережелерін бұзбауға шақырады.
