Сәлеметсіздерме?!
Сіздердің тұрақты оқырманыңызбын. Мен де өз өмірім жайлы айтқым келеді. Тезірек шығарыңызшы. 19 жасымда жақсы көрген жігітіме тұрмыс кұрдым. Бақытты едік, көп ұзамай аяғым ауыр болды. Ішімдегі сәбиге 8 -ай болғанда күйеуім күтпеген жерден қайтыс болды. Жылап еңіреп жүріп жерледік. Күйеуім қайтыс болғаннан бір айдан кейін ұл босандым.
Күйеуімнің қырқын берген күні мені кайын ағама үйлендірді .Балалық па білмеймін мен келісіп кайын ағама тұрмысқа шықтым. Сол кездегі бар ойым баламда болды.Бір күні басқа байға тисем балам көз түрткі болады,қайын ағама тисем баламды алақандарында ұстайды деген оймен келістім. Қазір Аллаға шүкір бәрі жақсы ,бірақ жақсы көру махаббат дегенді білмеймін. Әйелдік қызметімді атқарамын. Осы күйеуімнен екі ұл тудым, үш ұлымыз бар. 11-жыл болды балаларым мектеп қабырғасында. Енді сіздерден ақыл сұрайын ұлым өсіп келеді, бірақ әкесі жайында білмейді.
Осы күйеуімді әкесі деп ойлайды. Бар шындықты айтсам ба деп ойлаймын. Айтайын десем балам өзін бөлек санайма деген ой маза берер емес. Айтпасам кейін біреуден естісе не болады? Күйеуіме бұл жайлы айтпадым. Жүрегін ауыртқым келмейді. Үш баласы үшін жанын беруге дайын.Бәрін бірдей көреді. Ұзақ болса кешірім өтінем. Сіздердің ақыл кеңестеріңізді күтем.
Жадыра
Шымкент қаласы