el24.kz Индонезиядан Атырауға жеткізілген Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты кешенді сараптама жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, күдікті арнайы психиатриялық мекемеге орналастырылған. Қазіргі уақытта оған стационарлық форматта психологиялық-психиатриялық кешенді сараптама тағайындалған.
“Сараптаманы жүргізу туралы шешім күдіктінің мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты қабылданды”, – деді вице-министр.
Сондай-ақ, Әділов қылмыстық іс аясында басқа күдіктілердің жоқ екенін атап өтті. Тергеу барысында негізгі тұлғалар ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отыр.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Сараптама қорытындысы күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беруде маңызды рөл атқарады.
