Тəккəппарлығымды мойындап,өз өзімді жек көріп жазып отырмын. Əкем үнемі сөзімді сөйлеп өсірді. Анам ұрысса əкеме сеніп тұратынмын. Барлық балаларынан мені көбірек жақсы көрді. Тым ерке, əрі өзімшіл болып өстім. Қызға тəн мінезден көрі жігіт мінезді болдым. Талай жігіт ғашық болса да қарамай өзімшілдік таныттым.
Қазір қатты өкінемін.Беделді университетте оқыдым. Группаластарыммен қарым-қатынасым өте жақсы еді. Оқу оқып,жігіт мінезді болып жүргенімде жасым 24-ке келді. Қарасам баяғыша сөз салып,жалынып жүрген жігіттің бірі қалмапты айналамда.
Бірде күтпеген жерден бір жігітпен таныстым. Ол менің барлық жаман мінезімді көтереді. Мен дауыс көтерсем де үндемейді. Мүмкін маған сонысы ұнаған болар. Тек еркелетеді. Керегі де осы сияқты көрінді. Солайша ұзатылдым.
Өзімнен 6 жас үлкен. Барған жерім де қарапайым отбасы. Менімен ешкімнің шаруасы жоқ. Бұл жігіт менің мінезіме қалай көне салды деп таң қалуым тегін болмады...
Жасы 30- да болғанымен, өзі 15 жастағы бала секілді. Қалай көзім соқыр болды екен. Əр қылығын көрген сайын көңілім қалып,өзімнің де мінезім жөнделе бастады. Онымен көшеде жүре алмайтын едім. Банан алып бер, самса жеймін т..б сол сияқты сөздері мені есеңгіретті. Аяғында қауқарым таусылды. Оны жөндей алмадым, 2 жылдан артық өмірім алысумен өтті... Шыдамым таусылған соң кеттім де қалдым.
Артымнан бір келмеді. Оған да 1 жылдан асты. Менің кезіндегі жіберген ақымақтықтарым арқасында мен қазір бақытсызбын.
Беделді орында жұмыс істеймін. Жұмыстағы абыройым да жақсы. Тек қатты ашуланшақ болып кеттім. Сол баяғы группаластарым əр бас қосуға шақырады. Бара алмаймын. Бəрі перзенттерін, қасына жолдастарын ертіп келеді. Мен жападан жалғызбын. Ұяламын.
Түндерім жылаумен өтеді. Бір адаммен араласпаймын. Күн батса бөлмемде жылаумен таңды атырамын. Қабақтарым ісіңкі жүреді. Өмірімнің мəні қалмаған сияқты.
Тағдыр емес бəрі өз ақымақтығымнан болды. Дəрменсізбін. Ең бақытты əйел бір білгенім отбасы бар əйел екен. Маған ондай бақыт бұйырмады. Қасыма жігіт заты кеп қырындаса ішімнен тек мынау менің ажырасқанымды біліп қойды ма екен, мен жайлы не ойлап тұр екен ,сонша жас қыздар бар ғой, адал ойы болса маған келмейді деген сияқты ойлар ғана.
Үйге бір адам келсе бөлмеме жəймен кіріп кетемін. Ешкімнің бетіне қарай алмаймын.
Сол кездердегі жіберген қателіктеріме қатты өкінемін. Сонша оқысам да мен ақылсыз болдым. Ендігі өмірімде ешкіммен сөз жарастырып кете алмаймын. Күнім тек күрсінумен, мұңаюмен, жылаумен, мұңды əндер тыңдаумен өтіп жатыр...
Өмірімнің мəні қалмаған сияқты... мен бақытсызбын... Алғаш рет ішімдегін елмен бөлісіп отырмын...
Аноним