Сәлеметсіздер ме, мен бір сырыммен бөліссем деймін.
Мен жетімдер үйінде өскенмін.Ата –анам жөнінде ештеңе білмеймін.15- жасыма толғанан бастап жұмыс жасап үйрендім.
Бір күні бір апайым,бір үйде жұмыс бар,барасың ба?-деді.Қуана келістім,ойымда ештеңе жоқ.Үйін тазалап, жуып бер,ақшасын береді деді.
Таңғы ондар шамасында бардым.Барсам егделеу ер азаматтан басқа ешкім болмады.Үйін жинап,тазалап бердім.5- мың теңге берді,жуынып ал -деді.Жоқ ішке барып жуынамын деп шыққалы жатыр едім,арсыз мені күштеп арам ойын іске асырды.Қандай айуан,небары он бес жастағы қызбын ғой.Әлі сәби десеңіз де болады.Шошып не істерімді білмей жылай –жылай төзімім таусылды.
Шығып бара жатсам «Жетімдер осындай іспен ғана нанын тауып жей алады» деді біртүрлі мысқылдай қарап.Ештеңе айта алмай,Алла берсін жазаңды деп іштей қан жұтып, шығып кеттім.Ішке кеш бардым.Апай неге кеш келдің?- дегенде ештеңе айта алмадым.
Әттең қайран өмір,басқа не салса көнесің.Түнімен ұйықтамадым.Азанда ерте оянып өзіме –өзім серт бердім. «Оқып, жұмыс жасап аяққа тұрып алайын,кегімді қайтарамын»дедім.Алла қолдаған да болар,жетімнің көз жасын көрген болар,әйтеуір оқуға түсіп, жұмыс та жасап жүрмін.Сыртқа ештеңе болмағандай түр танытып,өмір сүріп келем.
Бірақ...іштегі кек маза берер емес.Сол кезде жұмыс тауып берген апай еді.Солай келісіп жіберді ма деген ой жанымды жай таптырар емес.
Қазір жасым 23-те,үкіметтен 1-бөлмелі пәтер берді.
Жұмысым бар.Бір мазалайтыны жақсы жан жолығып мені түсініп,демеу болатын адам жолықса деймін.
Кейде сол мені құрбандыққа шалып,өміріммен ойнаған адам немересін бала –бақшаға әкеледі.Көрген сайын,аяғынан шалып,кек алғым келеді.Құдайға тапсырдым,жазасын Алла берсін.Бір жігітпен сөйлесіп жүрмін телефонда.Кездесейік,жақын танысайық дейді.Кездескім келсе де, жағдайымды қалай түсіндіремін.Айтсам қалай қабылдайды?Кетіп қалса не істеймін.Көрмесем де бауыр басып барамын.Күнде телефонда сөйлесеміз.Еркелетеді.
Әпкелер,құрбы –құрдастар ой қосыңыздаршы.Не істесем болады?
Тамара