Ақ жүрекпен тілеген тілек қабыл болады,

ақ қардай арың кір шалмаса.

Айлардың сұлтаны - Рамазан айы келді. Барша мұсылман ораза ұстап  жатыр. Санаулы күндер де аяқталатын оразада бір тілекті жүрегімде тербетіп жүрмін. Тағдыр жолымның бұралаңы көп болса да, тəңірден үміт үзген емеспін. Өмірдің қадірін түсінбей жүрген күндерім үшін өкінем. 

Көлік апатына түсіп, он үш жасымда,бір күнде қара топырақты өз аяғыммен басудан қалдым. Біреу менен шын бақыт не дер болса, мен ойланбастан аяқ-қолыңның саулығы дер едім.    Қара топырақты өз аяғыммен баспағалы алты жыл болды. Уақыт суша сырғиды. Көп нəрсені осы жылдар ішінде ұғып жатырмын. Алты жыл бойы əр күнімде бір дұғаны оқып келемін.  Талай арман ішімде өлсе де, көңілім əлі үмітті.  Ораза айы бастаған күннен əр таңда жаратқанға ешкімнің ауырмауын тілеп, қол жайып дұға жасаудамын.  Ешкім ауырмасын!” Ауру кірді дегенше əлек кірді “-дегенді аталарымыз босқа айтпапты. Амандық пен саулықтан  асқан бақыт жоқ.

Аурудан жазылсам, талмай күндіз-түні  еңбектенер едім.  Ақ адал еңбегіммен  өзім білетін  барша жандарға арнап ауызашар дастарханынын жайып, қам-көңіл жандарды разы етер едім...

“Көптің тілегі көл”дейді ғой “Сырласудың “оқырмандарынан  ораза айында мен үшін дұға етуін тілеймін.Аяққа тұрып кетсем екен...

Марфуға  

Оңтүстік  Қазақстан