(Жетімдер үйінен асырап алған қыздың хаты)
Гүнай Текин
Ойсыз адамдардан көңілім налалы,
Тырнаған сайын олар жарамды.
Ана! Сізсіз көңілім өмірдің аязы мен боранына шыдамайды. Маған сізден асыл адам жоқ. Жұрт сізді көп жабықтырады. Мені сізге жат дейді. Жат емеспін. Мен жетімдер үйін бақандай 10 жасыма дейін мекен қылдым. Əр күні бұл жерден бір күні ата-анам алып кетеді деп ояндым, көз ілдім.
Он жасымда ертегіге бергісіз оқиға болды. Сіздерді жолықтырдым. Сіздер маған жаңа өмір сыйлап, жүрегіме мейірім төгіп, балалығымның сүрең түсін ғажайып түске боядыңыздар!!!
Біреуді бақытты етуге көбі дəрменсіз. Бақыттың балын сыйлап, басымнан сыйпап, шөліркеп қалған көңілді шаттандырған кімдер? Əрине. Сіздер ғана.
Аналық махаббатқа жылындым. Жүрегімде жан баласы білмейтін арманым орындалды. Əкенің мейрімін сездім. Көңілімдегі алаңнан арылдым. Менен кейін інім өмірге келді. Інім! Күн шуағым менің! Қуанышым! Əпкелеп алдымнан шығар, ботам! Есімнен кетпейді. Алғаш ботам өмірге келгенін де сіздерді одан қызғанған кезім. Қызғандым. Көңілдеріңіз соған ауып кетердей қорықтым. Əкешім сол қызғанышымды сезді ме? Інімнен артық маған көңіл бөле бастады. Əлі де солай ғой...
Өткенімізді қопаруға құмар жандарды аяп қана қараймын. Олар - тағдырға өресі жетпейтін адамдар. Тағдырдың тарамыс жолында тағдырлар тоғысуы заңды.
Аударма Мейірхан Мейрамбекұлы