Әкем лауазымды қызметте.Ол неше жылдан бері бір әйелмен кездеседі.Оны бәріміз білеміз.Әкем ол әйелмен қызметтік іс –сапарларға да бірге барады.Ол әйел өте әдемі,сымбатты. Жақсы әйел.Жас болғасын шығар тым тартымды.
Әкем ол әйелсіз жасай алмайды.Егер кездеспей келсе,көңілсіз отырады.Үйімізден берекет кетті.Ол әйел жақын қалада тұрады.Әкем сол әйел үшін,2- сағат жол жүріп барады.Не керек қартайғанда?Қалай араларын ашуға болады?Әкем ешқашан кетпеймін дейді.
Ал анам ше?Анамның түні бойы жылап шыққанын таңертең ісіп тұрған көзінен байқаймын.Бізге ештеңе білдіргісі келмейді.Әкемізді жамандамайды да.Бірақ ішінде аласапыран құйын жүріп жатқанын,арықтап ,қап –қара болып жүдеп бара жатқанынан байқап, іштен тынамын.
Анамды аяймын.Көмектесіңдерші...
(Аноним)