Келін - ұрпақ жалғастығының ең басты дəнкері. Əрбір ата-ана келін алып қолының ұзарар күнін асыға тосады. Мен секілді, елуден асқан əрбір ананың асыл тілегі де содан басталған емес пе?
Менің шаңырағымда той болды. Ақ жұмыртқадай аппақ келін түсті. Барлығын ел қатарлы етіп жасауға отағасы екеуміз барымызды салдық. Ұлымның бір басы екеу болғанын ойланып, барлығын керемет қылып өткізсек деп шештік.
Оған қалтадағы он тиынмен ештеңе болмасы анық еді. Содан екеуміз бір күні екі кредит алдық. Той болды. Елдің бəріне ұнады. Келіп-кеткен кісіміз аз болды білем. Той өзін ақтамады. Жұртта қайбір жетісіп отыр. Бəрі өзіміз сияқтылар ғой.
Алар кредитті адық қой.... Сол кредитті алған күннен үйімізде береке болмады. Ішіп-жемді азайтып, кредитті жабамыз деген əрекетіміз келінімізге ұнамады.Бірінші күннен ұлыммен арасында ұрыс туа бастады. Ұлым ыстық-суығы басылмай жатып, кредитті жабамын деп, Астанаға құрылысқа жұмысқа кетті. Жұмысқа кеткен күннен ,бір аптадан соң келін де төркініне сұранды. Жібердік. Бір апта өтті. Екі апта өтті. Сосын артынан бардым. Барғанымда келінім ,Оралға əпкесінің қасына сол сұранған күні кетіп қалыпты. Қоңырау шалсам, жауап бермейді. Ұлыма бар жағдайды айтып, келінмен сөйлесуін өтіндім. Бір ай болды келмеді. Ұлым келін жайлы екінші рет жақ ашпады. Бір ай болғанында үйге ажырасу туралы сотқа шақыру келді. Солай ажырасып тынды. Бұрын біз күйеуімізбен бар қиындықты бірге жеңуге талпынатын едік. Қазіргі қыздар қандай? Ұлым ажырасқалы жұмыстан келмейді. Уайым болды. Кредитті төлеп жатырмыз. Бір түйір баланың қосағы дұрыс болғаны жақсы ғой...