el24.kz Адам денсаулығы тек дәрі-дәрмек пен тамаққа ғана емес, ішкі жан күйіне де тікелей байланысты. Соңғы жылдары ғалымдар мен рухани ұстаздар аурудың көпшілігі санадағы теріс ойлар мен эмоциялардан туындайтынын жиі айтып жүр.
Біз әдетте ауруды сыртқы себептерден іздейміз: суық тиді, шаршадық, дұрыс тамақтанбадық дейміз. Ал шын мәнінде, адамның ой-санасы мен ішкі күйі денеге тікелей әсер етеді.
Қорқыныш, реніш, ашу, кінә сияқты эмоциялар энергия деңгейінде бұғаттар тудырып, белгілі бір ағзада сырқаттың пайда болуына себеп болады.
Мысалы, ұзақ уақыт ренішті ұстаған адамда бауыр мен өттің жұмысы бұзылады, ал қорқынышта өмір сүретіндерде бүйрек әлсірейді дейді шығыс медицинасы. Ал сүйіспеншілік пен ризашылық сезімі, керісінше, жасушаларға өмір қуатын береді.
Көптеген рухани ұстаздар «ауру – жанның белгі беру тәсілі» дейді. Яғни дене ауырғанда, ол бізге «тоқта, өзіңе қара, ішкі дүниеңді тазартып ал» деп ескертеді. Бұл тұрғыда адам аурумен күресіп емес, оны түсініп қабылдауы керек.
Ғылыми тұрғыдан да эмоция мен дененің байланысы дәлелденген. Стресстік гормондар (кортизол, адреналин) ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде болса, иммунитет төмендеп, созылмалы аурулар пайда болады.
Сондықтан денсаулықты сақтаудың басты шарты – жанның тыныштығы. Кешірім, ризашылық, өз-өзіне деген махаббат – ең жақсы ем.
