Эротикалық түс ресейлік психолог әрі сексолог Кирилл Филипповтың пікірінше адамға бірнеше себеппен енетінін көрінеді.
 
Оның айтуынша, бұл сыртқы ынталандыру мен жарақат салдарынан болуы ықтимал. «Миымызға ынталандырудың қайдан келетіні (сезім мүшелерінен немесе қиялдаудан) айтарлықтай маңызды емес.
 
Жүйке импульсі бір жүйке жолдарымен жүреді. Түс көру барысында, гипноздық процесс кезінде және күнделікті өмірде бірдей сезімдерді сезінеміз. Мәселен, қазір лимон, оның дәмі, тілдің ұшына тиген сәті туралы ойға берілсеңіз, сілекей процесінің қаншалықты күшейгенін байқайсыз. Себебі, денеміз қиялға жақсы жауап береді. Эротикалық түс те дәл солай, күндіз жыныстық қатынас туралы ойлансаңыз, түнде түсіңізде көруіңіз әбден мүмкін», – дейді Филиппов.
 
Әлемдегі адамдардың 60-70%-ы эротикалық түс көреді
 
Психологтар: «Мұндай түстердің тағы бір себебі – бүгінгі таңда әр қадамда (ғаламторда, теледидарда және т.б.) пайда болатын сыртқы ынталандыру. Ол жыныстық қоздырғышты тудырып, түске эротикалық түстер кіреді. Егер түс жағымсыз эмоция тудырса, онда оның артында бір жарақат жасырылуы мүмкін», – дейді.
 
Мамандардың пікірінше, эротикалық түстер ешқандай қауіп төндірмейді және дүние жүзіндегі адамдардың, шамамен, 60-70%-ы сондай түстер көреді екен.
 
Адамның миы мыңдаған түрлі ойларды өздігінен өткізе алатындай етіп құрылған. Ұйқы кезінде адам өзін-өзі бақылауды, сондай-ақ моральдық және этикалық шектеулерді жоғалтатындығы рас. Соның салдарынан адам жыныстық қиялына ерік беріп, эротикалық түс көреді.
 
Трансперсоналды психолог Дарья Нелединская: «Түстер белгілі бір дабыл ретінде қызмет етуі мүмкін, өйткені олар түнде жұмыс істейтін сана салдарынан пайда болады», – деп, жағымсыз түс көріп, бойды үрей билесе, адамның өз-өзіне құлақ асуы қажеттігі жайында кеңес береді.
 
Әйелге эротикалық түс кірсе
 
Әйелдер көбіне өзінің іс-әрекетіне, қалауына ерік бермей, өзін ылғи бақылауда ұстайды. Қала берді шынайы өмірде жыныстық қатынастан да бас тартатын немесе төсек ләззатында өз қалауына ерік бермейтін кездері жиі кездеседі.
 
Төсек ләззатын алмағандықтан немесе жыныстық қатынастың мүлде жоқтығынан сексуалды күйзеліске ұшырайды да, ол эротикалық түс ретінде белгі береді.
 
Түс әлемін ерекше зерттеген ғалым Зигмунд Фрейд әйел ең болмаса түс әлемінде өзін тояттандыру үшін бірнеше тәсілдер айтқан. Ол өткен ғасырлардағы әйел сексуалдылығын тұншықтыру барысында истерикалық психологиялық бұзылыстардан кейін ойлап табылған болатын. Сонымен ол қандай тәсіл?
 
“Әйел төсек ләззатындағы қиялын іске асыру үшін түнде жатарда өзін сексуалды қоздыруы қажет. Сонда барлық сексуалды қиялы түсінде эротикалық түс арқылы іске асып, әйел тоят алған”, деген Зигмунд Фрейд.
 
Десе де, кейбір психологтар әйелдің эротикалық түс көруіне ұйықтағандағы позасы әсер етеді дейді. Себебі ішімен жатқан әйелде жыныс ағзалары стимуляциясы жүреді дегенге саяды. Алайда, әзірге бұл тек гипотеза ғана.
 
syrlasu.kz