el24.kz Сот Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды. Ол ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу фактілері бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен экс-шенеунікке 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оның иелігіндегі Toyota Camry 75 автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды. Тергеу барысында Жақсылық Омар өз кінәсін толық мойындаған.
Ресми деректерге сәйкес, Жақсылық Омар 2018–2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Құзырлы органдар аталған іс бойынша тергеу жұмыстары заң аясында жүргізілгенін атап өтті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
