Өйткені жолдасыммен арадағы төсек қатынасы қанағаттандырмайды әрі айына бір-екі рет қана қатынасқа түсеміз. Күйеуім еркелетуді білмейді, нәзік жанымды да түсінбейді.
 
Мұның ешбір әйел затына ұнамасы анық. Тұла бойым өртеніп барады.
 
 Маған өзге еркектер қызығушылық танытады, себебі сырт келбетім мен дене бітімім келісті, тек осыны некелі жарым бағаласа ғой…
 
Мен – сезімтал жанмын, жұбайыма дейін жақындасқан жігітімнен керемет ләззат алып, құштарлығым артатын.
 
Ал жұбайыммен өз болмысымды ұмытуға тырыстым. Күйеуіме соңғы кездері жыныстық қатынысты аңсайтынымды да айтып көрдім. Түсіністік танытқандай болады, жағдайды түзетуге уәде береді. Тырысып та көрді. Бірақ уақыт өте «баяғы жартас сол жартастың» күйін кешеміз.
 
Шындығымды айтсам, жолдасымның төсекте еш ебі жоқ. Төсектегі қатынас аракідік болған күннің өзінде де тез басталып, тез бітеді. 11 жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп, жыныстық ләззат алып көрмеппін. Сонда да мен бәрін түсініп, оған да мойынсыдым. Ары қарай шыдамым жетер емес. Тіпті кейінгі кездері өзге еркектерге назар аудара бастадым. Өз басым көп адамды жақтырмаймын, жеңілтек емеспін, біреуге қылымситын да әдетім жоқ. Алайда соңғы уақытта жаныма сая іздей бастадым. 46 жасымда әйелдік қасиетімнің жоғалып бара жатқандығын сездім. «Ойда-жоқта бір ер адамды ұнатып қалсам…» деген ой жиі мазалайды. Ал оның да өз жанұясы болса ше? Ол ер азаматпен қалай тіл табысарымды әрі өз қалауымды қалай қанағаттандырарымды білмей дал болдым. Ар азабы да тыныштық бермейді. Тығырықтан шығуға көмек сұраймын.
 
Айжан, 46 жаста