el24.kz Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігін сатуға шығару туралы хабарландыру жариялады.
Аталған көлік 10 жылға сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған.
Ресми мәліметке сәйкес, сауда-саттық 7 сәуір күні сағат 10:00-де басталады. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 777KPK01.
Жинақта Pandora сигнализация жүйесі бар кілт қарастырылған. Сонымен қатар, көліктің аккумуляторы отырғаны хабарланды.
Автокөліктің бастапқы құны 79 415 000 теңге болып белгіленген.
Қазіргі уақытта көлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Егер аталған кезеңде көлік өтпей қалса, онда лот барлық ниет білдірушілер үшін ашық сатылымға шығарылатын болады.
