el24.kz  Атырау қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталушылар арасында болған жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға 22 наурыз күні тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сотталушылар арасында туындаған сөз таласы кейін төбелеске айналған. Соның салдарынан қатысушылардың бірі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ресми мәліметте:

«22 наурызда Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында болған төбелес нәтижесінде олардың бірі қайтыс болды», – деп хабарланды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы органдар оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтап, тиісті процессуалдық шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, түзеу мекемесіндегі қауіпсіздік шаралары мен ішкі тәртіптің сақталуы бойынша тексеріс жүргізілуі мүмкін екені айтылуда.