Гүнай Текин

 Дұғамнан тастаған емеспін, дуалап сені алса да.

Өмірмен үнсіз егестім,

Жанардан жас сығып қаншама.

Жүрегім сабыр қыл,

Бостан-бос көбелектей шаршама.

Октай!  Тірегім! Ақборанда ақпанда  сəбиіңмен далада қалдырғаның қалай, жүрегіңнен төгілуші еді ғой мен дегенде көңіл төріңнен  арай.  Өз туған сəбиіңнен суып, адам деп  аяушылық танытпағаныңды қалай түсінейін?  Менің осы  қалаға аяғым тартпаған-тын, рас  ауылдағы тыныш өмірімізді бұзғым келмеген, сен айтқан қаладағы ертегі өмірге жүрегім сенбеген. Азаматым сен болған соң ғана.  Өзіңе жар болған күні ұсынған қолымды беріп, сені ақылманым деп, артыңнан еріп  келгенімді білесің деп ойлаймын.  Бұл қала - армандарды абай болмасаң отайтынын сен сездің бе? Біз келгелі бұл қаланың аспаны бір күн болса да,қабағын ашуды білмеді. Қара бұлт жаңбыр болып төгілмеді, ышқына соққан  желге де жеңістік бермеді. Аумады. Алып шаһарда түнер үйсіз кімбіз? Диуанамыз. Диханшылықпен күн көріп отырған бізге қолайлы бағадағы үй табу оңай соқпады. Іздеп -іздеп сандалып, қалтамыз көтерер деген пəтерге əзер  кірдік.  Мен босағасын аттаған сəттен-ақ  пəтер беруші Гүлай əпкені жақтыра қоймадым. Елуден асса да, жас жігіт саған жылы-жылы сөз айтып,   пəтерді сенің қолтығыңа кіріп таныстыруы ұнамаған.   Əрбір кеште саған ынтық көзімен тесіп  қарайтынын да  аңғарғам. Біз бекер сол   үйді жалдадық.. Сол барған күннен саған ғашық болған Гүлай əпке  ақыры сені менен айырып алды.

Анкараға үшеу болып  келіп, екеу болып өзіміз туған ауылға  қайтып барамыз.

Октай!  Сені менен алыстатқан не? Осы  сұрақтың  жауабын кеш болса да  тапқандаймын.  Ол - дуа.   Бесіктегі шикі өкпе перзентіңнен бездірердей  оның күшті боларына таң қалудамын. Сенің жүрегің де дəл бүгін  қандай сезім?  Жауап бермесең де болады. Адамның өзін сүймеген жүректі сүйдіріп, өзін қаламаған адамды қалатуға күші жетеді  дегенге бұрын еш сенбейтін едім. Басыма түспеген соң екен ғой.  Сенің келбетті жігіт екеніңді жиі  айтатын  едім, сол себепті сенің маған деген сезіміңнің сарқылмауын тілейтінмін.  Сені тапа тал түсте  Мəжнүндей есіңнен айырған,  елудегі залым  əйелге шынжырлап  байлаған сезім  дей алман. Сезім емес, Октай!

Ақша мен байлыққа қызықпайтының бесенеден белгілі. Дуа - сені менен суытқан, жүрегімді  жылатқан, шаңырағымды құлатқан. Сен екеуміз он үш жыл бір төсекке бас қойдық. Өмірдің ащысы мен тəттісін бір көрдік.  Он үш жыл бойы жүзім мен жүрегімді тек қуанышқа бөлеп,  шай деспедік. Соңғы сенің бойыңдағы өзгерістердің бəрін дуадан көрем. Көзім көрді. Құлағым естіді.

Отыз бір жасымда жесір қалмай, төсегім суыды. Сен менен бездің. Кəрі əйелді көрсең, мені көзге ілмейтінді шығардың. Шыдадым, сөнбесін деп  шырағым. Күн өткен сайын алыстадың. Біртіндеп пəтер берушіге көңілің ауа бастады.  Алғашқы апталар түйсіне алмай қалдым.   Өзімнен кінə іздедім. Əр түні көңіліңнен шығуға тырыстым. Болмады... Тірлігім оңбады. Залым əйел соңынан қалмады. Шарасыз далада қалмас үшін үндей алмадым.

Залым жүректерге бəрібір.  Солардың  адам  басын  жадылап қоюға қалай  ғана дəті жетеді?  Қорықпайды ма? Көз жастан.

Октай! Мен басыңдағы дуаңды қайтару үшін бəрін де  жасаймын.  Аянып қалмаймын. Қайтартамын. Əркез дұға етемін. Қайтып келесің! Күтем!

Бəрін де кешірем.

Бұл күндерді жəне шеккен азабымызды мəңгілікке өшірем.

Отбасыңа аман-есен оралатының анық....

 Мелтем.

 

Гүнай Текинді,қазақша сөйлеткен Мейірхан Мейрамбекұлы