el24.kz:«Зейнетақы қорынан заңсыз ақша». Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
Қымбат көліктер мініп, зәулім сарайлар сатып алған. Зейнетақы қорынан заңсыз ақша шығарумен айналысқан атыраулық тіс дәрігерлерінен құны 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. Қылмыстық топ оңай жолмен келген ақшаға элита пәтерлер, жер телімдері, бағалы бұйымдар мен қымбат көліктер сатып алған дейді Қаржы мониторингі агенттігі.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
— Жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қылмыстық топтар 226 «дропперді» пайдаланған. Жалпы, 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған.Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік жалпы құны 600 млн теңгеден астам, сондай-ақ зергер бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.
Өткен аптада Қаржы мониторингі агенттігі зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз шешіп алуға көмектескен бес қылмыстық топты әшкереледі. Олар жалған медициналық құжаттар рәсімдеп азаматтардың жинағын шешуге көмектескен.
Бұл заңсыз қызметі үшін қаржының 10-20 пайызын сыйақы ретінде алып отырыпты. Қазір 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы белгіленген. Агенттіктің айтуынша, тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі Ал қарапайым тұрғындар қылмыстық жауапқа тартылмайды дейді.
Дереккөз: КТК телеарнасы