Менің жасым 24-те. 4 жасар ұлым бар. Ажырасып кеткеніме 3 жылдай болды. Тұрақты көңілімнен шығатын жұмысым бар. Менің үлкен әпкелерден сұрағым келгені ұнамайтын адамға тұрмысқа шығуға болады ма?

Маған  тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүрген бір жігіт бар, бірақ өзіме мүлдем ұнамайды. Жағдайы бәрі жақсы бөлек үйі, жұмысы бар. Бірақ жігіт  тым ынжық , орысша айтқанда”тормыз”. Қанша рет жолығып көрдім, ұнатып кетермін дегенім бос далбаса.Әр жолыққан сайын, қайта көргім келмей келемін. Өзім ұнатпағаннан кейін оның жанында көңіл күйім болмайды.

Өзім сүймесем де, мүмкін оның махаббатының жылуы екеумізге жететін шығар деп өзімді алдаусыратқанмен жүрегім міз бақпайды. Қанша жақсы көруге тырыссам ,соншалықты одан алыстай түсемін.Жігіттің өзін мүлдем көргім келмейді.

Бір жағынан мұндай мүмкіндік қайта бола ма, болмай ма деп ойлаймын. Сіздер не ой қосар едіңіздер?(Жас қыздардың ақылды болып айтар әңгімесі қажет емес) Рахмет !

                                                                           Махаббат

                                                             Түркістан  қаласы