Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған дүкендерде сатуды ұсынды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, елде мас күйінде жасалатын қылмыстар азаймай отыр. Жыл сайын шамамен 10 мың қылмыс, оның ішінде 1,400-ден астамы ойын-сауық орындарында тіркеледі.

Сондықтан ІІМ мынадай шектеулер енгізуді қарастыруда:

  • алкоголь тек арнайы лицензиясы бар дүкендерде сатылуы;
  • түнгі уақытта сату шектелуі;
  • үйге жеткізу және онлайн-сатуға толық тыйым салу.

Ержан Саденовтың сөзінше, бұл шара толық тыйым емес, тек реттеу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

«Түнге дейін ішіп отыру – дұрыс емес. Алкоголь тек белгілі уақытта және арнайы орындарда сатылуы керек», — деді министр.

Қазір бұл ұсыныс талқылау кезеңінде. Сарапшылар оның тиімділігі мен ықтимал салдарын қарастырып жатыр.