Ажырасу қасірет пе?Тағдыр маңдайыңа жазса сол болады.Мен де тұрмысқа шыққанда ажырасымын ,балалы болғанда баламның әкесі тастап кетер -ау деп ойламаппын.Басқалар сияқты мен де бақытты болуға талпындым...

Күйеуім  разы болсын деп,  қолымнан не келді соны жасадым. Ұлды да тудым. Қызды да тудым. Жазда саманнан кірпіш құйып үй салдым.

Сен Алматыға жұмысқа кетіп, мені тастап кеттің. Жұмысыңдағы бір əйелді баласымен жар қылдың. Оның соңынан үш баласы келіпті. Сен өзіңнің үш балаңды бақпай, əке мейіріміне қандырмай өзгенің баласына қалай əке болып жүрсің?!

Өтінем, алимент төлеуден қашпашы. Қашпа! Сен қайыр сұрап жүрген жандардың санатынан емессің. Берсең- перзентің үшін бересің, Нұржан!

"Сырласу" клубын оқитын ерлер! Өз балаларыңыздың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету - парыздарыңыз екенін ұмытпаңыздар!

Нұржан ,ұятыңды араққа қосып іштің бе? Сəл болса да ұялсаңшы.Қыздай мені жар еттің ғой. Үлбіреп тұрып, күндей күліп, есігіңе бардым.Бір сәт болса да өткен күннің тәтті естелігі үшін өз балаларыңнан бас тартпашы.Өзгенің баласына мейірім төккенде,өз перзентіңді жылатқаның жөн бе?

     

 

                           Айдана

                          Ақтөбе қаласы