Қазір баяғыдай өліп-өшкен махаббат бар дегенге сенбейтіндердің бірі едім. Таза махаббат кітаптарда, киноларда ғана қалған сияқты көрінетін.
Өйткені қазіргі жастардың махаббат деп былшылдап жүргендері тек құмарлық сезімнің айналасы секілді. Қазіргі жастардың көбі таныса салып, сүйісе кетеді, одан қалса төсек… Сосын біраз уақыт өткен соң, бір-бірін ұнатпайтындарын айтады. Қош бол деседі.
Сосын жаңа бір таныс табады. Тағыда сүйіс, төсек… Қазіргі жастардың басындағы жағдай осы. Оларға қарап махаббат бар деп ойлай қоймаймын.
Бірақ кеше әлеуметтік желіні ақтарып отырып, мына бір Ақбота деген қыздың жазбасын оқып, ойланып қалдым. Жастардың бәрі болмаса, арасында шын ғашық болудың, шын сүюудің не екенін сезінетіндер, тіпті сүйіспек тұрмақ, сезімін ашып айта алмайтын жастар бар екен.
Ішім жылып қалды. Оқып көріңіздерші:
«Серік! Сенімен танысқан алғашқы сәттен бастап менің жан-дүниеме өзгеріс
енді. Мұндай ешқашан болмаған. Махаббат, асыл сезім. Мен енді ғана
махаббат деген ғажап сөздің сырын ұққандаймын. Танысқан сәттен бастап
сенің жарқын бейнең, әдемі жымиысың ешқашан көз алдымнан кеткен
емес. Қайда барсам да, жатсам да, тұрсам да сенің есімің санамда
жаңғырады да тұрады. Сенің есіміңді айғайлап айтқым келеді, қағаз бетіне
жаза бергім келеді. Мені осындай күйге келтірген қандай құдіретті күш, қандай
сезім, түсінбеймін. Жанымдағы құрбыларым өз сүйгендерін ойлап, жылағанда
оларға қарап күлуші едім. Енді өзімнің басымнан өткенде ғана оларды
түсіндім. Бірақ бір шетінен қуанамын. Осындай сезімді басымнан кешіргеніме.
Кей адамдар мүлдем сезім дегеннің не екенін білмейді ғой. Меніңше, адам
болған соң нәзік сезім – махаббат деген болу керек. «Қыздың жолы –
жіңішке» дегендей, мен өз сезімімді саған ешқашан білдірген емеспін,
білдірмеймін де. Білем, сен сезімімді бағалай білесің, түсінесің. Бірақ саған
бар сырымды айтуға батылым жетпейді. Мүмкін, бұл сезім сыртқа шықпаған
күйде көкірегімде тұншығар. Сен менің осындай күй кешіп жүргенімді еш
сезбейсің. Сен келгенде менің ұялып, сөзімді байыптап сөйлеп, әрбір іс-
әрекетіммен саған ұнауға тырысатынмын. Бірақ сен ешқашан байқаған
жоқсың. Сені кінәлай алмаймын. Бәрі – сырымды ашып айтпаған өзімнен.
Мүмкін, сен осы жазғанымды әлеуметік желіден оқи қалсаң, ойланарсың,
сезімімді бағаларсың.
Серік, бәрібір мен сені сүйемін. Сені шын жүректен жақсы көруші, Ақбота».
ХХІ ғасырдың Қозысы мен Баяны, Төлегені мен Жібегі осы Ақбота мен Серік болар-ау, шамасы…
Дидар Асқарұлы