- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Түркістан облысында әкімшілік құқықбұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, оны анықтауға көмектескен азаматтарға ақшалай сыйақы беру тәртібі бекітілді. Сыйақының ең жоғары мөлшері 10 АЕК немесе 43 250 теңге болады.
Бұған дейін осындай жүйе Астана қаласында енгізілген еді. Енді Түркістан облысында да азаматтарды құқықбұзушылықтың алдын алуға және оны анықтауға белсенді қатыстыру мақсатында жаңа тәртіп күшіне енбек.
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Ақтауда сот қала жағалауында қызбен болған жанжалға байланысты жергілікті тұрғынды 30 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы соттың ресми баспасөз қызметі хабарлады.
Сот мәліметінше, әкімшілік іс 3 тамыз күні қаралған. Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушылық 2 тамызда қала жағалауында болған. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындаған.
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 29 шілде күні Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезінді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 11:09-да тіркелген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Оның географиялық координаттары 41.357° солтүстік ендік және 78.778° шығыс бойлығы болған.
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласында жақын арада жойқын жер сілкінісі болады деген ақпарат кеңінен тарап жатыр. Алайда құзырлы органдар бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған болжамдарға ғылыми негіз жоқ.
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Алматы қаласының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қоғамда қалыптасқан моральдық-адамгершілік құндылықтарға қайшы мазмұндағы жарияланымды анықтап, заң аясында шара қабылдады.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, интернет кеңістігін бақылау кезінде авторы қоғамда қабылданған моральдық-этикалық қағидаларға және қолданыстағы заңнамаға қайшы өмір салтын ашық түрде насихаттаған контент жариялаған.
Страница 3 из 256





