Шешемнің әңгімесі

Ахметов Марат Мекемтасұлы, 1974 жылы , 24 -қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақата ауылында дүниеге келген. 2008-жылдан бастап Жамбыл облыстық "Жамбыл спорты" газетінің бас редакторы. Отбасылы, бір қыз, бір ұл тәрбиелеуде.

 
Менің Рәзия деген нағашы апамның әпкесі болатын. Аты- Баршакүл. Шешемнің айтуынша бақсылықтың ұшқыны бар ол кісі бейсенбі, жұма күндері әруақ қысып жатыр деп нәр сызбай таңнан кешке дейін тамның бір бұрышында бүрісіп жатып алады екен. Сондай күндердің бірінде апамыз өзін белінен кендір арқанмен екі орап екі жағынан үш – үштен алты жігітке тартқызады екен.
 
Күші тасып тұрған жігіттер қойсын ба, Баршакүл апамыздың белі сырт көзге үзілуге сәл-ақ қалғандай болып көрінген соң жиналған жұрт апамызды босатып аламыз деп ұмтылғандай болып қозғалақтап қойып, бірақ қасына баруға жүректері дауаламай амалсыздан іштен тынып тұрады.
 
Белін буып екі жаққа ышқына тартып жатқанда «Дақ салма, дақ салма» деп ұздіксіз айтып тұрып, әбден шарықтау шегіне жетті деген кезде шынашақтай кемпір екі қолымен екі жағындағы арқанды ұстап ортаға қарай сілкіп тартқан кезде алпамсадай алты жігіт бір-біріне соғысып ұмар-жұмар болып қалады екен. Бір қызығы, осыдан кейін жауар бұлттай тұнжырап жүрген апамыздың қабағы ашылып сала беретін болған.
 
Ал, денесінде пәлендей жарақат, арқанның қанталаған іздері де көрінбейтін болған екен.
 
 
Пышақсыз ота
 
Оқудан ауылға келген бетім. Ең алғашқы емдеген науқастарым, әрине, өзімнің бауырларым әкем—шешем.
 
Үлкен әпкем соқырішекпен хирургтің қолына түсіп бірнеше жыл бойы қиналғаны бар еді. Қалай болса солай тіге салып үйге қайтарғаннан кейін әпкеміз күннен күнге жақсы болудың орнына денсаулығы кейін кетіп бара жатты. Ақыры аяғы жанына қатты батып ауырған соң дәрігердің есігіне қайта баруға тура келді.
 
Әдетте отадан кейін науқастың ішінде қолғабын, мақтасын, кішкене қайшысын қалдырып кеткен дәрігерлер туралы анекдоттарды көп естігенбіз ғой. Біздің әпкеміздің ішінде де сондай бірнәрсе қалып кеткен жоқ пе екен деген «бұзық» ой қылаң бергенде -Әй, қой-ей, ондай болуы мүмкін емес,-деген болатынбыз өзімізді өзіміз басып. Бірақ өкінішке қарай біздің жағдайда ота жасаған дәрігерлердің «ұмытшақтығы» бой көрсетті. Жанын қоярға жер тапқызбай ауыртып жатқан ішінде қалып кеткен мақта болып шықты. Анекдот деген жарықтық өмірден алынатынына тағы да бір көзімізді жеткіздік.
 
Екінші ота да пәлендей сәтті өтпей ішектері жабысып қалып әбден қиналған үлкенімізді көрген кейінгі әпкем соқырішегі мазалағанда ауруханаға бармайтынын кесіп айтты. Дегенмен аурудың аты ауру күн өткен сайын меңдеп бара жатқан ауру қойсын ба екінші әпкем әр жерде бір бүйірін ұстап отырып қала беретін болды. Көзім көріп отырған мен емдеп көрейін деп айтпай отыра алмадым.
 
– Басқа-басқа соқырішекті емдеген емшіні көрмеп едім дегенмен жазылып кетсем қанекей,- деп әпкем келісе кетті.
 
Қарсы алдымдағы диванға отрғызып қойып денеңді бос тастап, аяқ-қолыңды айқастырмай ең бастысы миыңды босат, ойыңнан бәрін шығарып тастап көзіңді жұмып отыр дедім де өзім бөлменің арғы басындағы орындыққа отырып ем жүргізе бастадым. Бір кезде көз алдыма тырсылдап жарылардай болған соқырішек келді де оны кәдімгідей сол жағынан алып көтеріп төмен жаққа қарай ағызып жібердім.
 
Бір қызығы бес метр жерде отырсам да ішіндегі құрылды мен анық естідім. Емнен кейін әпкем сен менің соқырішегіме жиналғандарды аударып жібергеніңді мен анық сезіндім. Кәдімгідей оң бүйірімді біреу қолымен ұстап тұрып соқырішекті көтеріп ішіндегі сұйықтықты аударып жібергенде қорқып та қалдым, деді. Емнен кейін әпкем бүйрін басып көріп – Мынау шынымен ауырмай қалды. Тіпті ешқашан ауырмаған сияқты,- деді таңданысын жасырмай. Содан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті соқырішегі тыныш әпкемнің...
 
Емшінің жазбаларынан