Сәлеметсіздер ме! Көп ойланып, бір шешімге келіп, сіздермен ішімдегі мұңымды бөлісуді жөн көрдім. 

Куйеуім екеуміз көп жүргеніміз жоқ, сонысына қарамай уйлендік. Үйленгенше асықты, сенен айрылып қалғым келмейді деді. Барлығы жақсы басталған, бірақ оның анасына мен басына- ақ жақпадым. Бірнеше рет өзіне де айттым, мүмкін анаңнын ойындағы қызға үйленерсің деп. Алайда ол үйленген соң бөлек тұрамыз, сен анаммен емес менімен тұрасың деп басынан үміт сыйлаған өзі болатын.

Сонымен не керек беташардан соң біз бөлек кеттік. Сол кету бойынан шаңырағымызда ұрыс көбейді, анасы мені жамандап неше түрлі смс-тер жазып, күйеуімді маған қарсы қойды. Барлығына көзімді жұма қарап жүрдім. Көп ұзамай құрсақ көтердім енді. Енді ата-ана боламыз деп қуанып жүрдік, солай күндер өте берді,  уйдегі ұрыстан жалықты ма білмеймін, күйеуім қыдыруды шығарды. Тіпті кездескен қызымен ұстап алған кезім болды. Ол кезде іштегі балам кішкентай болатын. Кунде уайымдай беріп балаға зиян келді-ау, түсіріп алатын шығармын деп ойладым. Аллаға шүкір, баламды аман-есен бауырыма бастым.

Күйеуім баласын көрген соң өзгеретін шығар деген ой болды менде. Бір жағынан өзім де анасы екеуінің ортасындағы ұрысты естіп жүйкем жұқарып жүрген кез еді. Күндердің күнінде қатты айқай болып, мен заттарымды жинадым да төркініме кетіп қалдым. Өйткені күнделікті ұрыстан сүтім тартылып кеткенін қаламадым.  Балам ол кезде 1 айлық.

Уақыт өтті артымнан іздеп келген ол болмады. Шамалы уақыттан соң мен қайта сол қалаға қайттым, баламды өзім қолымда алып келген аз ғана ақшамен асырап жүрдім. Ол кезде балам әлі 1 жасқа толмаған. Әкесі бір рет қана келіп, үстімізден күлгендей болып кетті. Қалай өмір сүресіндер деп кекетеді. Қандай болса да әкесі ғой деп баласын көрсеткен едім, ,баласына құр қол келді. Не үшін келдің десем, "менімен қосылам десең, қосыл, бірақ мен осы жүрісімді тоқтатпаймын "деп маған міндетсініп тұр.

Оны жақсы көретінім рас, бірақ қолымнан не келеді? Өзімді сонша қорлата алмаймын. Өткен жолы қатты басым ауырып құлаған болатынмын, өмір сүргім келмеді, бірақ баламды ойладым. Ауырып жүрген соң бір молдап кісіге барып дем салдырмақ болдым. Сол кезде ол кісі "жолдасыңның анасы о баста қарсы болып жолыңды жауып келе жатыр екен ғой, қызым-ау, куйеуің сенен суып бара жатыр екен" деді. Өзім ондайларға сенбейтінмін, тек шипа іздеп бардым. 

Жасым жиырмадан енді касты. Қолымда баламды құшақтап жалғыз қалдым. Өзім таңдап тиген адамым болған соң ата-анама да қарайтын бет жоқ. Баламды өсіруге Алла қуат берсе екен. Не істерімді білмей әбден басым қатты. Қыздар, тұрмысқа шықпай тұрып ойланыңдар сүйем-куйем деп айту оңай, болашағы бар адаммен қосылыңдар! Бір үйдің аялап отырған қызы едім,  сан түрлі жағдайға тап боларымды кім білген ...


                                                         Аноним 

                                                         alashainasy.kz/