Тылсым дүние демекші, мені бір нәрсе ойландырып жүр.Жақын ағайындарымыздың қызы,бес –алты жылдықта аяқ астынан қайтыс болды.Аяқ асты болғанда 5-6- күндей ауырды.Дәрігерлер еш жерінен ештеңе таба алмады.Қанның қорытындылары еш қандай өзгеріс белігісін көрсетпеді.Түсірген аппараттардың бәрі жасап тұрса да,ештеңені байқатуға мүмкіндік бермейтіндей түсініксіз бұлдыр қортынды шығарып отырды. Емшіге апарса ,олар да мардымды ештеңе айта алмады.
Сонымен ең соңғы күні; «анашым ауа жетпей тынысым тарылып барады деген, қап –қара көздері жәудіреп»
Анасы байғұс қолынан келер қайран жоқ, көз алдында жаны қиналып аласұрған перзентіне ештеңе жасай алмай пұшайман күй кешкен.Соңғы демі бітіп бара жатып, қыз қолындағы телефонынан әлде не қарамақшы болыпты,бірақ ештеңеге шамасы келмей үзіліп жүре берген...
Он сегіз жастағы қызға не болғанын ешкім білмей,сансырап қала берді.Бет біткеннің әдемісі,талдырмаш қана сұңғақ бойына киген киімдері қандай жарасып тұрушы еді.Өзгеше ибалы, жүзінен нұры төгіліп тұратын.Өлімге түгіл,өкпеге қимайтындай –ақ бала болатын.Бірақ амал не, өмірі тым қысқа болды.
Содан аптадан соң,ең болмаса суреттерін шығарып алайық деп, соңғы түскен суреттерін телефонан іздесе, бәрі дерлік қап –қара болып күйіп кетіпті.Еш бір суреті сақталмапты.Бір ақау болған болар деп,оған мән бермеген ешкім.Сөйтіп сағынғанда ең болмаса суретімен тілдеспекші болып анасы альбомдағы суреттерін қараса бәрі адам танымастай болып тек сол қыздың суреттері бүлініп қалыпты.Көпшілікпен түскендері де сол, жалғыз түскендері де.Ешбір суреті сақталмай жоқ болып кетіпті.Мұны көріп анасы байғұс бұрынғыдан бетер аңырады.Біз де не болғанын түсінбей қала бердік.Шынымен суретке қандай тылсым күш әсер етті екен?Сіздер де сондай нәрсені байқадыңыз ба?