Жеткер  Жүсіп

  8 Наурызға орай аналарға,қыз - келіншектерге арналған өлең,толғау, арнауларды жариялауды бастаймыз.Егер біздің портал арқылы қыз -келіншектерді құттықтап, әдемі дүниеңізді жариялағыңыз келсе ,мекен-жайымыз Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Өмір сүру қиын бізге сендерсіз,

Біз бәріне айтсаң болды көнгенбіз.

Жылына бір отпіскі алып кеткенде,

 Біз еркектер әйел болып көргенбіз

 Сендер екен шәлжиіп біз сенетін,

Өкпемізден сендер жүр жел өтіп.

Еркелетіп көтеретін де өздерің,

 Өздеріңсің ашуландырып та беретін.

 Сендерсіңдер бұл тірліктің тірегі.

Өздеріңмен өмір шалқып күледі.

Күндей күліп сендер аман жүрсеңдер,

Еркек біткен томпаң қағып жүреді.

Құтты болсын келе жатқан мерекең,

Мына ғалам әйелдермен ел екен!

Бар бақыттың бал шырынын ішкізіп,

Оған тіпте уды қосып өлтіретін де сен екен!

Босағаны сендерсіңдер қоятұғын төр етіп,

 Сендерсіңдер бізді сондай жақсы көретін,

Жақсы көріп тұрсаңдар да,бізді аяп,

 Сендерсіңдер бізге тоқал алып бертін!