Ұлыбританияда өзін көріпкел ретінде таныстырған әйел Автсралиядағы сапары кезінде елеспен төсектес болғанын мәлімдеді. Ол елестен жақын арада бала көтеруді жоспарлап жүргенін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бристольде тұратын 30 жастағы Аметист көшеде елесті сезінгенін есіне алды. Елес оны ұнатып қалып, Ұлыбританияға еріп келіпті.
Әйел елеспен естен кетпес түндер өткізіп жүргенін айтып, мақтанды. Жарты жыл елесті көңілдесі еткен ару жақын арада одан бала көтермек.
Алайда елестен көтерген баласын қалай дүниеге әкелетінін әзірге елестете алмайтынын алға тартты.