Алғашқы неке түні қыз балаға бірден керемет сезім сыйламайды. Себебі, қыз алғаш болып тұрғандықтан да ауырлық сезініп, қысылып өзін еркін ұстай алмайды.
Бұл кезде жігіт оны қаламай тұр деп ойламай, оны ақырын жыныстық қатынасқа дайындауы керек. Оған жылы сөздер айтып, аймалап сүйіп, өз сезіміңізді жеткізе біліңіз.
Онымен өте нәзік болуға тырысыңыз. Себебі бұл түнде сіз салқындық танытқан болсаңыз, қыздың көңілі қалып «жыныстық қатынас тек жаман әсер сыйлайды» деген пікір қалыптасып, келесі де сізге салқынқандылық танытып суып кетуі мүмкін. Ал қыздар өз тарапынан алғашқы түннің ауырлығын сезіне білінуі керек. Бірден жұрт айтқандай рахат бөленіп, оргазм алу деген болмайды. Біртіндеп жыныстық қатынасқа үйренгеннен кейін ғана ләззат алуға болады.
Ғашықтар жүктіліктің алдын алу үшін және жыныстық жолмен таралатын ауруды жұқтырмас үшін мүшеқап (презерватив) қолдануы керек. Алғашқы рет болған соң арнайы майы бар мүшеқап таңдаған жөн. Немесе дәріханадан майды (смазка) бөлек алыңыз. Өйткені жас қызда алғашында табиғи сөлі аз бөлінеді. Қауіпсіз секс өте маңызды. Жыныстық қатынасқа түсу үшін ыңғайлы жер таңдаңыз. Жігітіңізге сенімді болыңыз. Жүкітіліктен сақтанып, тазалық гигиенасын сақтаңыз.
Алғашқы секстен кейін гинекологқа міндетті түрде қаралыңыз. Өйткені ағзада үлкен өзгерістер орын алады. Дәрігер қарап, жұқпалы инфекцияның бар - жоғын, жыныс мүшелерінің саулығын тексереді. Әрине, жүкті болған-болмағаныңыз, бірден анықталмайды. Дегенмен, дәрігерлер, алғашқы төсектен жүкіһтілік болуы мүмкін деп пікір білдіреді. Әрі өмірлік тәжірибе де осыны көрсетіп келеді .