Қырғызстанда құмалақшылар, көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға ресми түрде тыйым салынды.  Заңнамаға тиісті өзгерістерге Республика президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметі.

"Заңның мақсаты – өз пайдасын көру үшін белгілі бір міндеттерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқырлы әрі басқа да жалған тәсілдермен қызмет көрсету саласындағы азаматтардың халық санасын манипуляциялауын болдырмау", – делінген ақпаратта.