Гүнай Текин
 
  Аға! Қарашығымды жасқа шылап, енді қайда хат жазарымды білмей отырмын.  Сіз борышыңызды өтеген əскери бөлімшеге жазайын ба? Əлде, өзіңіз сыйлаған күнделік дəптерге жазайын ба? 
Бес жаста едім. Анам жүрек ауруымен  ауырып, əкем мені  сіздің жаныңызға апарған шақ.  Мен - əкемнің екінші əйелінен туған қызбын.  Анамыз бөлек болса да, сіз еш бөтендік сездірмедіңіз. Талай рет Айше ананың таяғынан мені қорғап, өзіңіз таяқ жегеніңіз көз алдымда.  Айше ананы бұрынырақта түсінбеген екенмін. Ешбір əйел азаматын өзгемен  бөлісуге шыдай алмайды екен. Шыдам мен сабыр - қызғаныштан үстем бола алмайды. Қызғаныш болған жерде ақылда азаяды. Айше ананың ызасы маған емес, əкеме болғанын ұғындым.
Көктем шыға, көңіліңіз ерекше нұрға толып тау бөктерін жағалаудан жалықпайтыныңызға таң қалушы едім. Əр серуеніңіз де  маған  арнап  қызғалдақ пен түймедақтарды жия келуші едіңіз. Сізден басқа  маған ешкім тау гүлдерін жинамайды.
 Қайран уақыт?! 
Сіз жақсы көретін гүлдерді бақшаға егіп қойдым. Қыз ғұмыры - қызғалдақ ғұмыр деседі, қызығы  сағымдай алдап кетеді. Қызғалдақ биыл тым ерте гүлдеді  . Əрбір еркелеткеніңіз де қызғалдаққа балап, жүрегімді жылытатын сөз айтатынсыз.  Əлі күнге  күтем... 
Сағыныш тұтқыны болғаныма  он жылдың жүзі болды. Сіз жоқсыз. Сіз  қатарлас адам көрсем,  сізді құшақтағандай құшақтағым келеді.  Сіз қайдасыз?  
Сағынышқа тұтқын қылып санамды,
сары түске бояп ғазиз ғаламды. 
Жүз алдайды бала сынды сағымдар,
Жас толтыра  жанарды.
 
Мейірхан Мейрамбекұлы  аудармасы