Айнұр Тұрсынбаева

Не болса содан қорқатын заман болды... Үйленгендер бала сүйе алмай қаламын ба деп қорқады, бала сүйгендер қалай өсіріп, жеткіземін деп қорқады.. Бала үйде көп отырып қалса жалқау боп кете ме деп қорқасың, далада көп жүрсе бірдемеге ұрына ма деп қорқасың...Мектеп бітірсе оқуға түсіре алмай қаламын ба деп қорқасың, оқуға түссе шығып қала ма деп қорқасың.. .Оқу бітіргендер жұмыс таба алмаймын ба деп қорқады, жұмысқа тұрғандар қысқартуға ілінем бе деп қорқады...

Байлар ұрылардан қорқады, кедейлер болашағынан қорқады...Ұлы барлар "қандай келін жолығады" деп қорқады, қызы барлар "отырып қала ма" деп қорқады... Баласын үйлендіргендер ажырасып кете ме деп қорқады, қыз ұзатқандар қайтып келе ме деп қорқады... Біреулер келіннен қорқады, біреулен өлімнен қорқады...Тамақты көп жеуге семіріп кетеміз бе деп қорқамыз, аз жеуге ауырып қаламыз ба деп қорқамыз.. Біреулер құдайдан қорқады, біреулер қытайдан қорқады.. Уайымсыз адам жоқ... Ең дұрысы бәрін бір Аллаға тапсырып бүгінгі күнге шүкіршілік айтып өмір сүру... Ал сіз неден қорқасыз?