Күйеуіммен қарым-қатынасымыз қиындай түсті. Уақыт өте келе салқындай бастағандаймыз. Бастапқыда құрбыларыммен қыдыруыма көп қарсы болмайтын, кейіннен тыйым сала бастады. Мен ол қаншалықты қарсы болған сайын, соншалықты қырсығып, керісінше жасайтын болдым. Балаларымды қарайтын әйел бар.

 Менің бос уақытым көп, бірде көлігіммен кетіп бара жатып, қол көтеріп тұрған бір жігітке тоқтадым.

Менен алты жас кіші екен. Асылбекпен сол күні пәтер жалдап, айызымыз қанғанша “көкпар тарттық”. Жыныстық қатынасты әбден сағынып қалыппын.

Асылбектің мені алай аударып, былай төңкергеніне көніп, әбден есіміз кеткенше болдық. Бұдан кейін де Асылбекпен бірнеше рет кездестім.

Құрбымның бірі таныстырған Әділ есімді жігіт те төсекте жаман емес.

Жыныс мүшесі үлкен, нар тұлғалы жігіт менің үстімде жатқанда өзімді бір патшайымдай сезінетінмін.

Өзімнен жасырақ жігіттердің маған қызығушылығы маған одан сайын желік бітірді. Әдеттегідей кафеге барып тамақтанамыз, сосын пәтерге барып көңіл көтереміз.

Бір күні үйге келсем, күйеуім де, балаларым да жоқ. Телефонына хабарлассам ауылға, әке-шешесіне кетіп қалыпты. Дүкенімізге екінші сатушы жалдаған екен. Дереу Нарынқол қайдасың деп жол тарттым. Күйеуімнің, балаларымның бетіне қарауға ұят. Оқуларын осында жалғастырып жатыр, ата-енемнің оларды беретін түрі жоқ. Қайта күйеуім әкем мінеді деп көлігімді (соның атында болатын) алып қалды. Басым салбырап Алматыға қайттым. Бұрынғыдай жүретін күйеуімнің ақшасы жоқ. Байырғы мамандығым бойынша мұғалімдік жұмысыма қайтып орналастым.

Ақшам жоқ болғасын әлгі нақсүйелерім Асылбек пен Әділге де керегім болмай қалды.

“Сендей әйелді кездестіру бақыт”, “Сен сондай кереметсің” деген сөздерінің бәрі жалған болып шықты.Өз қолыммен құртқан бақытты қайтару қайда? Ең бастысы балаларым үшін жаным ауырады.

Қызық қуып жүріп барлығын да ұмытыппын. Енді соның зардабын тартып жүрмін. Жұмысым да мектепте болған соң, менің балаларыммен жасты бүлдіршіндерді көрсем жылағым келеді. Ондай кезде менің өмір сүргім келмей кетеді.

Барып күйеуімнің, балаларымның, ата-енемнің аяғына жығылсам ба екен?