Ғалымдар 14 шілдеде күн сәулесінде бес қуатты тұтануды тіркеді, олардың бірі ең жоғары Х класты болған,-деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.

«14 шілде күні Мәскеу уақытымен сағат 05:34-те (Астана уақытымен 07:34) рентген диапазоны 3738 (S12W39) дақтар тобында ұзақтығы 29 минут болған Х1.3 тұтану тіркелді», - деп хабарлады Қолданбалы геофизика институты.

Сонымен қатар жексенбіге қараған түні М5.0, М2.7, М1.7, ал таңертең М3.0 тұтану болды. Тұтанғаннан кейін күн рентгендік жарқылдарының Жердің ионосферасына әсер ету деңгейі ғарыштық ауа райы деректері бойынша бес индикаторлық шкала бойынша R3 (күшті) деңгейінде болды, мұнда ең жоғарысы – R5 (төтенше).

Қазіргі уақытта ғарыштық ауа райы мониторингі деректеріне сәйкес, R шкаласы бойынша деңгей тыныштықты көрсетеді. Рентген сәулеленуінің қуатына байланысты күн тұтануы бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төмені – A0.0 класы Жер орбитасындағы 1 шаршы метрде 10 нВт сәулелену қуатына сәйкес келеді. Келесі әріпке өткенде қуат 10 есе артады. Әдетте тұтанулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді. Олардың бұлттары Жерге жетіп, магниттік дауылдарды тудыруы мүмкін.

Дереккөз: Kazinform