Жаңа –жылдың қарсаңы болатын.Ол кезде мен студент едім. Сол күні дала аппақ мамыққа оранып қар жауып тұрған.Әуеден аппақ болып, еркелей құлап жатқан кішкентай жұлдызша іспетті әсемдікті қимай біраз жүріңкіреп қалдым.
Үйге қайтуды ойлап енді бұрыла бергенім ,ойламаған жерден аяғым тайып құлап түстім.Оңбай құладым.Аяғым қайырылып «ах» дедім ауырсына.Кенет, қолтығымнан біреу кеп демеп жатты.Аяғымның ауырғанынан кім екеніне де қарауға шамам болған жоқ.Орнымнан тұрғызып,жүре аласың ба?- деп демей ұстағанда барып өзім құралпы жас жігіт екенін байқадым.
- Байқасаңшы- деді бір түрлі жылы үнмен.
Оның үнінің жылуынан аяғымның ауырғанын да ұмытып кеткендей болдым.
-Рақмет!- дедім, мен де аяғымның ауырғанын байқатқым келмей намысқа тырысып.
Бірақ...жүрейін десем, ауырып қалған аяғым өзіме бағынбай тағы құлап түстім.Еріксіз мырс еткен ол;
- Қарындас немене тұсауыңыз кесілмеген бе ? -деді қалжыңдай.
Жігітті жібергім келмей әдейі құлағандай болдым, бұл жолы.Аяғым енді әбден ауырды.Жылауға ұялып барамын.Бірақ ауруға шыдамай көзімнің жасы да мөлт ете қалды.Көз жасымды көріп, шошып кеткен жігіт,езуіндегі күлкісін оқыс жинап алды да маған көмекке ұмтылды.Оқыс қимылдан өзінің де аяғы тайып кетіп, екеуміз ұмар –жұмар тағы құладық.Бұл жолы оның ыстық демі бетімді қарып өтті.Жаныма бір түрлі жылулық орнап ғажап сезімге бөлендім.
Таныстығымыз солай басталған.Оны көрмесем тұра алмайтын хәлге жеткенмін.Ол да мені қатты ұнатты.Бірақ...бізді жаңа-жылдың қарсаңында тағдыр екеумізді екі айырды. Жұмысынан кеш шығып,маған келем деген уақытынан кешігіп қалдым деп асығып отырған таксиі апатқа ұшырап таксидің шофері,менің жүрегімнен орын алған сол бір жігітті мәңгілікке алып кетті.
Сол күнді,сол жылды содан бері жек көріп кеттім.Елдер жаңа жылды тойлап жатқанда,мен үшін еш қызықсыз боп қалды.Содан бері арадан неше жыл өтсе де жаңа –жылды тойлаған емеспін.Тұрмысқа да шығуды ойламаппын.Қазір жасым қырыққа таяп қалды.Сол жігіттің елесімен күн кешіп келем. Жылдар өте ұмытатын шығармын дегенмін.Жоқ,қайта жыл өткен сайын сағынышым еселене түседі...
Ұмыта алар емеспін...